Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесін құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 49-ө өкімі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 16-бабының 2-тармағына сәйкес:

      1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған Үйлестіру кеңесі туралы ереже бекітілсін.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
  Премьер-Министрінің
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 49-ө өкімімен бекітілген

Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын қорғау бойынша іс-шаралар жүргізуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың, халықаралық және басқа ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

      3. Үйлестіру кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

      5. Жұмыс органы Үйлестіру кеңесінің жұмысын ұйымдық-техникалық тұрғысынан қамтамасыз етеді.

2-тарау. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері мен функциялары

      6. Үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері:

      1) халық денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

      2) Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;

      3) орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіру және халықаралық және өзге ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;

      4) денсаулық сақтау саласындағы негізгі бағыттарды анықтау жөнінде ұсыныстар тұжырымдау.

      7. Үйлестіру кеңесінің негізгі функциялары:

      1) қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық іс-шаралардың іске асырылуын талдау;

      2) мыналар:

      халық денсаулығын сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;

      халық денсаулығын сақтау саласында мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін жетілдіру;

      қоғамдық денсаулық сақтау және денсаулық сақтау мәселелері бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықтың үйлестірілуін және реформалардың мониторингін күшейту;

      орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті мемлекеттік басқару органдары арасындағы жауаптылықтың аражігін ажырату жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу, оның ішінде бизнес-құрылымдардың әлеуметтік жауапкершілігін дамыту және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарды тарту бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

      3) халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың халықаралық, қоғамдық және өзге ұйымдармен тиімді өзара іс-қимыл жасауы саласында жәрдемдесу.

      8. Үйлестіру кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және функцияларды жүзеге асыру мақсатында:

      1) орталық атқарушы, өзге мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

      2) орталық және жергілікті атқарушы органдардан, өзге ұйымдардан Үйлестіру кеңесінің міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

      3) Үйлестіру кеңестің міндеттерін іске асырумен байланысты мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың, өзге ұйымдардың өкілдерін Үйлестіру кеңесінің отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

      4) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

      5) халық денсаулығын сақтау мәселелері бойынша іс-шараларды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

3-тарау. Үйлестіру кеңесінің қызметін ұйымдастыру

      9. Үйлестіру кеңесін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды және Үйлестіру кеңесі шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі – төрағаның орынбасары атқарады.

      10. Үйлестіру кеңесінің отырыстары бір тоқсанда бір реттен сиретпей өткізіледі.

      11. Үйлестіру кеңесінің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Үйлестіру кеңесі мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Дауыстар тең болған жағдайда Үйлестіру кеңесінің төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Үйлестіру кеңесінің отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады.

      12. Үйлестіру кеңесінің хаттамалық шешімдерінің материалдарын дауыс беру парақтарымен қоса есепке алуды және сақтауды Үйлестіру кеңесінің жұмыс органы жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2026 жылғы 16 сәуірдегі
№ 49-ө өкіміне қосымша

Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің құрамы

      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, төрағаның орынбасары.

      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры, хатшы.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі.

      5. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

      6. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

      7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

      9. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі.

      10. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

      11. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі.

      12. Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі.

      13. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі.

      14. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі.

      15. Қазақстан Республикасының Оқу ағарту вице-министрі.

      16. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі.

      17. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі.

      18. Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі.

      19. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі.

      20. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі.

      21. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі.

      22. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице- министрі.

      23. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша).

      24. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары (келісу бойынша).

      25. "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма мүшесі (келісу бойынша).

      26. Біріккен Ұлттар Ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстан Республикасындағы өкілі (келісу бойынша).

      27. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстан Республикасындағы өкілі (келісу бойынша).

      28. Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Даму бағдарламасының Тұрақты өкілі (келісу бойынша).

      29. Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты қоныстандыру қорының (ЮНФПА) өкілі (келісу бойынша).

О создании Национального координационного совета по охране здоровья

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 16 апреля 2026 года № 49-р

      В соответствии с пунктом 2 статьи 16 Кодекса Республики Казахстан "О здоровье народа и системе здравоохранения":

      1. Образовать Национальный координационный совет по охране здоровья (далее – Координационный совет) в составе согласно приложению к настоящему распоряжению.

      2. Утвердить прилагаемое Положение о Координационном совете.

      Премьер-Министр О. Бектенов

  Приложение к распоряжению
Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 2026 года №

Состав
Координационного совета по охране здоровья

      1. Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, председатель.

      2. Министр здравоохранения Республики Казахстан, заместитель председателя.

      3. Директор Департамента организации медицинской помощи Министерства здравоохранения Республики Казахстан, секретарь.

      4. Заведующий Отделом социального развития Аппарата Правительства Республики Казахстан.

      5. Заместитель министра обороны Республики Казахстан.

      6. Заместитель министра иностранных дел Республики Казахстан.

      7. Заместитель министра внутренних дел Республики Казахстан.

      8. Вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан.

      9. Вице-министр науки и высшего образования Республики Казахстан.

      10. Вице-министр труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

      11. Вице-министр искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан.

      12. Вице-министр транспорта Республики Казахстан.

      13. Вице-министр финансов Республики Казахстан.

      14. Вице-министр культуры и информации Республики Казахстан.

      15. Вице-министр просвещения Республики Казахстан.

      16. Вице-министр промышленности и строительства Республики Казахстан.

      17. Вице-министр торговли и интеграции Республики Казахстан.

      18. Вице-министр водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан.

      19. Вице-министр по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      20. Вице-министр туризма и спорта Республики Казахстан.

      21. Вице-министр национальной экономики Республики Казахстан.

      22. Вице-министр экологии и природных ресурсов​ Республики Казахстан.

      23. Заместитель председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии (по согласованию).

      24. Заместитель руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (по согласованию).

      25. Член правления Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен" (по согласованию).

      26. Представитель детского фонда Организации Объединенных Наций (ЮНИСЕФ) в Республике Казахстан (по согласованию).

      27. Представитель Всемирной организации здравоохранения в Республике Казахстан (по согласованию).

      28. Постоянный представитель Программы развития ООН в Казахстане (по согласованию).

      29. Представитель фонда Организации Объединенных Наций в области народонаселения в Республике Казахстан (ЮНФПА) (по согласованию).

  Утверждено распоряжением
Премьер-Министра
Республики Казахстан
от 2026 года №

Положение
о Национальном координационном совете по охране здоровья

Глава 1. Общие положения

      1. Национальный координационный совет по охране здоровья (далее – Координационный совет) является консультативно-совещательным органом при Правительстве Республики Казахстан.

      2. Координационный совет образован с целью обеспечения взаимодействия центральных и местных исполнительных органов, международных и других организаций в проведении мероприятий по охране здоровья населения Республики Казахстан.

      3. Координационный совет в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, а также настоящим Положением.

      4. Рабочим органом Координационного совета является Министерство здравоохранения Республики Казахстан.

      5. Рабочий орган осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Координационного совета.

Глава 2. Основные задачи и функции Координационного совета

      6. Основные задачи Координационного совета:

      1) совершенствование государственной политики, законодательных и иных нормативных правовых актов в области охраны здоровья населения;

      2) выработка предложений по обеспечению выполнения мероприятий, предусмотренных стратегическими и программными документами по вопросам охраны здоровья граждан на территории Республики Казахстан;

      3) координация работы центральных и местных исполнительных органов и обеспечение взаимодействия с международными и другими организациями;

      4) выработка предложений по определению основных направлений в области здравоохранения.

      7. Основные функции Координационного совета:

      1) анализ реализации межведомственных мероприятий по вопросам охраны общественного здоровья;

      2) выработка предложений по:

      совершенствованию государственной политики, законодательных и иных нормативных правовых актов в области охраны здоровья населения;

      совершенствованию деятельности заинтересованных центральных и местных исполнительных органов в сфере охраны здоровья населения;

      усилению координации межотраслевого сотрудничества и мониторинга реформ по вопросам охраны общественного здоровья и здравоохранения;

      разработке предложений по разграничению ответственности между центральными государственными органами и органами местного государственного управления;

      разработке механизма взаимодействия на местном уровне, включая развитие социальной ответственности бизнес-структур и привлечение неправительственных общественных организаций;

      3) содействие в области эффективного взаимодействия и сотрудничества государственных органов с международными, общественными и другими организациями по вопросам охраны здоровья населения.

      8. В целях реализации возложенных задач и осуществления функций Координационный Совет вправе:

      1) взаимодействовать с центральными исполнительными, иными государственными органами и организациями;

      2) запрашивать и получать от центральных и местных исполнительных органов, иных организаций информацию, необходимую для реализации задач Координационного совета;

      3) приглашать и заслушивать на заседаниях Координационного совета представителей центральных и местных исполнительных органов, иных организаций по вопросам, связанным с реализацией задач Координационного совета;

      4) вносить предложения по вопросам, входящим в его компетенцию;

      5) осуществлять иные полномочия, связанные с принятием мер по обеспечению мероприятий по вопросам охраны здоровья населения.

Глава 3. Организация деятельности Координационного совета

      9. Координационный совет возглавляет Заместитель Премьер-Министра Республики Казахстан, который руководит его деятельностью, председательствует на заседаниях, планирует работу и осуществляет общий контроль за реализацией решений Координационного совета.

      Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель председателя – Министр здравоохранения Республики Казахстан.

      10. Заседания Координационного совета проводятся не реже одного раза в квартал.

      11. Решения Координационного совета принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них проголосовало большинство голосов от общего количества членов Координационного совета.

      В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель Координационного совета.

      По результатам проведения заседаний Координационного совета в течение трех рабочих дней составляется протокол.

      12. Учет, хранение материалов протокольных решений Координационного совета с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Координационного совета.

      ________________________