1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 13 сәуірдегі № 43-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне күзет қызметі, тұрғын үй қатынастары және құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2026 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы |
Құқықтық | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | БП (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | А.О. Мұхаметжанов |
2. | Арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині, БП (келісу бойынша), ҚМА (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша), ТЖМ, ІІМ | 2026 жылғы сәуір | Ш.С. Жазықбаев, Ғ.М. Қойгелдиев, Ә.А. Сағындықов, Ш.Л. Жақыпов, А.Т. Наймантаев, Қ.А. Тұрсынбаев,А.М. Сайтбеков |
3. | "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха |
4. | "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының қызметтік тұрғынжайларын қалыптастыру және беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1602 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині, БП (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | Ш.С. Жазықбаев, Ғ.М. Қойгелдиев, Ш.Л. Жақыпов, А.Т. Наймантаев |
5. | "Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1727 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині, БП (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | Ш.С. Жазықбаев, Ғ.М. Қойгелдиев, Ш.Л. Жақыпов, А.Т. Наймантаев |
6. | "Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині, БП (келісу бойынша), МКҚ (келісу бойынша), ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | Ш.С. Жазықбаев, Ғ.М. Қойгелдиев, Ш.Л. Жақыпов, А.Т. Наймантаев |
7. | "Ақшалай өтемақыны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 50 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині | 2026 жылғы сәуір | Ш.С. Жазықбаев |
8. | "Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | С.Ә. Әділов |
9. | "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 872 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині, ҰҚК (келісі бойынша) | 2026 жылғы сәуір |
Ш.С. Жазықбаев, |
10. | "Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қорғанысмині, ІІМ | 2026 жылғы сәуір |
Ш.С. Жазықбаев, |
11. | "Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 789 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | 2026 жылғы сәуір |
Ә.А. Сағындықов, Ғ.М. Қойгелдиев, | |
12. | Құпия | Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | Ә.А. Сағындықов |
13. | Құпия | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | А.Т. Наймантаев |
14. | "Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 9 қыркүйектегі № 81нс бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бұйрығы | ҰҚК (келісу бойынша) | 2026 жылғы сәуір | Е.Е. Алдажұманов |
15. | "Теміржол көлігімен жүктерді тасымалдау кезінде әскерилендірілген күзетті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 365 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы | КМ | 2026 жылғы сәуір | Ж.Ж. Тайжанов |
16. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы сәуір | Р.А. Коняшкин |
17. |
"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қаржылық және шаруашылық қызметті ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2026 жылғы сәуір | А.Қ. Бейсенов |
18. |
"Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2026 жылғы сәуір | Қ.А. Әбубәкіров |
19. | Құпия | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2026 жылғы сәуір | Қ.А. Әбубәкіров |
20. | "Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту жүйесі бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 1165 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығы | Қорғанысмині | 2026 жылғы сәуір | Ш.С. Жазықбаев |
21. | Құпия | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | Б.Т. Әленов |
22. |
"Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне ақшалай ризықты, жәрдемақыларды және өзге де төлемақыларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | А.М. Сайтбеков |
23. | "Қызметтік тұрғынжайларды ұстау және орталықтандырылған жылыту бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілетін, сондай-ақ қызметтік тұрғынжайы жекешелендіруге жатпайтын жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, өзге де жабық объектілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 696 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | А.С. Балтабеков |
24. | "Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 602 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха |
25. | Күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен, сондай-ақ жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметімен айналысатын субъектілердің есептілікті ұсыну нысаны мен кезеңділігін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха |
26. | "Күзет қызметі саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 261 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха |
27. | "Күзет қызметін жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 959 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха |
28. | "Ұлттық компанияларға жеке күзет ұйымдарын құруға құқық беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 29 қазандағы № 863 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха |
29. | "Күзет қызметін, жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін және күзет сигнализациясы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметті мемлекеттік бақылау бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 757 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 32 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы | ІІМ, ҰЭМ | 2026 жылғы сәуір | И.В. Лепеха, Е.Е. Сағынаев |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
КМ – Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі;
ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі;
Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
МКҚ – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі;
ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі.