Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарының, бизнес-қоғамдастық пен сарапшылардың цифрлық технологияларды дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін күш-жігерін біріктіру мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 26-ө өкімімен бекітілген |
Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия қызметінің мақсаты цифрлық технологияларды дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді енгізуге бағытталған іс-шараларды іске асыру үшін Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Комиссия туралы ережені басшылыққа алады.
4. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
5. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгіне қарай және Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес өткізіледі.
2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде Комиссияға мынадай негізгі міндеттер жүктеледі:
1) мемлекеттік органдардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің, басқа да қатысушылардың Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша жұмысын үйлестіру және ұсынымдар тұжырымдау;
2) Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) іске асыру бойынша жауапты орындаушылардың есептеріне мониторинг жүргізу және оларды тыңдау;
3) мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің Жоспарды іске асыру үшін қабылданған салалық және өңірлік жоспарларының орындалуына мониторинг жүргізу;
4) Комиссияның Жоспарды іске асыру жөніндегі ұсынымдарының, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің салалық және өңірлік жоспарларының орындалуын мониторингтеу және бақылау;
5) Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына Жоспардың, мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың, облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің салалық және өңірлік жоспарларының орындалу сапасы мен іске асырылуын жетілдіру шаралары жөнінде ұсыныстар енгізу;
6) мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және сарапшылардың өкілдерімен Жоспарды және Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі басқа да іс-шараларды іске асыру шеңберінде өзара іс-қимыл жасау;
7) Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарында іс-шаралар мен акцияларды ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін қарау.
3-тарау. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі
7. Комиссия қызметін ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 27 ақпандағы № 26-ө өкіміне қосымша |
Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу жөніндегі комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі, төраға;
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы, хатшы;
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Жасанды интеллект және цифрлық трансформация бөлімінің меңгерушісі;
Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Әділет вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі аппаратының басшысы;
Астана қаласы әкімінің орынбасары;
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары;
Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы;
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы;
Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы;
Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;
Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы;
Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы;
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;
Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы;
Жетісу облысы әкімі аппаратының басшысы;
Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы;
Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы;
Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы;
Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысы;
Павлодар облысы әкімі аппаратының басшысы;
Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;
Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы;
Ұлытау облысы әкімі аппаратының басшысы;
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызмет бастығы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының кеңесшісі – цифрлық трансформация басшысы (келісу бойынша);
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
"Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі (келісу бойынша);
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Қоғамдық кеңесінің төрағасы (келісу бойынша);
Қазақстан IT компаниялары қауымдастығының президенті (келісу бойынша);
"Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағының инновациялық компаниялар қауымдастығының өкілі (келісу бойынша);
"Қазақстандық АT-менеджерлер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі (келісу бойынша);
"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
"Фридом Банк Қазақстан" акционерлік қоғамының басқарушы
директоры – басқарма мүшесі (келісу бойынша);
"Kaspi Bank" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша).