Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында:
1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі жобалық офис (бұдан әрі – жобалық офис) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Жобалық офис туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына жүктелсін.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 22-ө өкімімен бекітілген |
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі жобалық офис туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі жобалық офис (бұдан әрі – жобалық офис) туралы ереже жобалық офистің мақсаттары мен міндеттерін, функционалдық қызметін және қызмет тәртібін айқындайды.
2. Жобалық офис өңірдің орнықты дамуын жетілдіру және қамтамасыз ету, тартымдылығын арттыру және бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында құрылады.
3. Жобалық офис өз қызметін Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жобалық офистің жұмыс органы болып табылады.
5. Жобалық офистің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ айына 1 реттен сиретпей өткізіледі.
2-тарау. Жобалық офистің міндеттері
6. Қойылған мақсаттар шеңберінде жобалық офиске мынадай міндеттер жүктеледі:
1) облысты дамытуға бағытталған жоспарлардың орындалу барысын жүйелі түрде үйлестіруді, өңірді дамыту мәселелері бойынша жаңа тәсілдерді, сондай-ақ кешенді зерттеуді тұжырымдау;
2) көші-қон процестерін реттеуге қатысты ұсыныстарды тұжырымдау;
3) инвестициялық жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
7. Қойылған міндеттерді шешу үшін жобалық офис:
1) орталық мемлекеттік органдардың, Маңғыстау облысы әкімдігінің және ұйымдардың өңірді дамытуға бағытталған жұмысын үйлестіреді;
2) мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) Маңғыстау облысын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды тұжырымдайды;
4) қоғамдық кеңістіктердің сапасын жақсарту, инфрақұрылымды дамыту, экологиялық және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен шараларды тұжырымдайды.
3-тарау. Жобалық офис қызметінің ұйымдастырылуы, құрылымы және тәртібі
8. Жобалық офистің төрағасы:
1) жобалық офистің жұмысын ұйымдастырады, оған жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;
2) қажеттілігіне қарай жобалық офистің жұмысына орталық мемлекеттік органдардың, Маңғыстау облысы әкімдігінің, квазимемлекеттік сектор мен бизнес субъектілерінің өкілдерін, сондай-ақ халықаралық консультанттарды тартады;
3) жобалық офистің отырыстарында орталық мемлекеттік органдарға, Маңғыстау облысының әкімдігіне, квазимемлекеттік сектор мен бизнес субъектілеріне (келісу бойынша) тапсырмалар береді, сондай-ақ оларды тыңдауды өткізеді.
9. Жобалық офис төрағасының орынбасары жұмыс топтарының қызметін үйлестіреді және бақылайды, жұмыс топтарына жәрдем көрсетеді, жобалық офистің жұмысын ұйымдастырады, оған жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді, жобалық офис төрағасының тапсырмаларын орындайды.
10. Жобалық офистің тапсырмаларын орталық мемлекеттік органдар, Маңғыстау облысының әкімдігі, квазимемлекеттік сектор мен бизнес субъектілері (келісу бойынша) орындауға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 23 ақпандағы № 22-ө өкіміне қосымша |
Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі жобалық офистің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Өңірлерді талдау және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту департаментінің директоры, хатшы;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
Маңғыстау облысының әкімі;
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісу бойынша);
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары (келісу бойынша);
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісу бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісу бойынша);
"Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісу бойынша);
"Kazakh Invest" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасы төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
"Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы (келісу бойынша).