1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлеп, белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы № 16-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық бұзушылық профилактикасы және Қазақстан Республикасы заңнамасының жекелеген салаларын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с |
Құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты тұлға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Қазақстан Республикасындағы қоғамдық қауіпсіздіктің жай-күйі (құқық бұзушылық профилактикасы) туралы ұлттық баяндаманы дайындау, оны Қазақстан Республикасының Президентіне енгізу және жариялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
2. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның ережесі мен құрамын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
3. | "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы № 188 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | Жоғары Сот Кеңесі (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан | Д.Б. Мұратбеков |
4. | "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан | Қ.Ж. Бижанов |
5. | Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын, дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін мөлшерлемелерден аударымдардың мөлшерін белгілеу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2026 жылғы ақпан | Б.С. Рапиков |
6. | Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға ұстап қалатын аударымдарды дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетіне олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберу пропорциясын айқындау туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2026 жылғы ақпан | Б.С. Рапиков |
7. | "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Еңбекмині | 2026 жылғы ақпан | В.В. Шегай |
8. | "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | С.А. Әділов |
9. | "Арнаулы мекемелер мен ұйымдарда ұсталушы кәмелетке толмағандарды тамақпен, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 297 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
10. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала бару қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 және "Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының алдын ала бару жөніндегі шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 02 сәуірдегі № 301 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан | Ж.К. Бақашбаев |
11. | "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ДСМ | 2026 жылғы ақпан | А.Ш. Рүстемова |
12. | "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
13. | "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысы | ТСМ | 2026 жылғы ақпан | С.М. Жарасбаев |
14. | "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысы | МАМ | 2026 жылғы ақпан | Қ.Ж. Ысқақов |
15. | "Басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі (әкелінуі) және оларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1031 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2026 жылғы ақпан | О.С. Сапарбеков |
16. | "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан республикасы Үкіметінің қаулысы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы ақпан | Р.А.Коняшкин |
17. | "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі № 90-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
18. | Экономикалық тергеп-тексеру қызметімен құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Қ.Ж. Бижанов |
19. | Экономикалық құқық бұзушылық саласындағы заңға қайшы қызметпен байланысты жеке және заңды тұлғалардың тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан | Қ.Ж. Бижанов |
20. | Экономикалық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін ведомствоішілік қауіп-қатерге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Қ.Ж. Бижанов |
21. | Құқыққа қайшы контентті анықтау бойынша ақпараттық кеңістікке мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Қ.Ж. Бижанов |
22. | Экономикалық құқық бұзушылық жасаған адамдарды профилактикалық есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бұйрығы | ҚМА (келісу бойынша) | 2025 жылғы ақпан | Қ.Ж. Бижанов |
23. | Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды тарту қағидаларын, нысандары мен түрлерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2025 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
24. | Электр самокаттарды жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің электр самокатты есепке алуды жүргізу және оған тіркеу нөмірін беру қағидаларын, сондай-ақ оның нысаны мен үлгісін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
25. | Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-ұстауға және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы ақпан | А.Ш. Рүстемова |
26. | Білім беру ұйымдарында баса назар аударуды талап ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
27. | Зорлық-зомбылық құрбаны болған балаларға көмек көрсету кабинеттері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
28. | Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар құру және олардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
29. | Зорлық-зомбылыққа, қатыгез қарым-қатынасқа, жәбірлеуге (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың куәсі болған кәмелетке толмағандарды анықтау және оларға көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Мәдениет және ақпарат министрлерінің бірлескен бұйрығы | ОМ, ІІМ, ДСМ, Еңбекмин, МАМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова, И.В. Лепеха, А.Ш. Рүстемова, В.В. Шегай, Е.Д. Кочетов |
30. | Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті орган қызметкерлерінің біліктілігін арттырудан өту қағидаларын және олардың мерзімдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
31. | Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органның қызметкерлерін белгіленген үлгідегі киіммен қамтамасыз ету және оны киіп жүру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
32. |
"Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
33. | "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы ақпан | Б.Ш. Жақселекова |
34. | "Алдын ала болу қорытындылары бойынша жыл сайынғы жинақталған баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 22 өкіміне өзгеріс енгізу туралы | Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің бұйрығы | АҚҰО (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан | Ж.К. Бақашбаев |
35. | "Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Бас прокуроры ның бұйрығы | БП (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан |
А.О. |
36. | "Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2026 жылғы ақпан | Д.М. Ваисов |
37. | "Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №1098 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
38. | "Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы № ҚР ДСМ-17 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы | ДСМ | 2026 жылғы ақпан | А.Ш. Рүстемова |
39. | "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, тиісті типтердегі және түрлердегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығы | ОМ | 2026 жылғы ақпан | Ш.Қ. Ақпарова |
40. | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің "Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешім нысанын бекіту туралы" 2023 жылғы 28 қарашадағы № 469-НҚ және "Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы" 2023 жылғы 28 қарашадағы № 470-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы | МАМ | 2026 жылғы ақпан | А.А. Құрманов |
41. | "Өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде жан-жақты қолдаумен қамту жөніндегі жұмысты үйлестіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 192 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы ақпан | В.В. Шегай |
42. | "Медициналық-әлеуметтік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 211 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2026 жылғы ақпан | В.В. Шегай |
43. | "Ойын мекемесі, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор жұмысының, мөлшерлемелер қабылдаудың және өткізілетін құмар ойындарының және (немесе) бәс тігудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қазандағы № 175 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы ақпан | Б.С. Рапиков |
44. | "Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаны айқындау қағидаларын және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 255 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ, БҚДА, ЖИЦДМ, ҰБ (келісу бойынша) | 2026 жылғы ақпан | |
45. | "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі және бірыңғай есепке алу жүйесінде қамтылған ақпаратты өзге де тұлғаларға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 46 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы ақпан | Б.С. Рапиков |
46. | "Ойын бизнесі мен лотереяларды ұйымдастырушылар үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің м.а. 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің бұйрығы | ТСМ | 2026 жылғы ақпан | Б.С. Рапиков |
47. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығы | ІІМ | 2026 жылғы ақпан | И.В. Лепеха |
48. | Құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін және мерзімдерін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерлерін бекіту туралы | Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулысы | ЖАО | 2026 жылғы ақпан | Өңірлер бойынша әкімдердің жұмысын үйлестіретін орынбасарлары |
49. | Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік уәкілетті органды құру туралы | Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қаулысы | ЖАО | 2026 жылғы ақпан | Өңірлер бойынша әкімдердің жұмысын үйлестіретін орынбасарлары |
Ескерпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
АҚҰО – Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
БҚДА – Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі;
ДСМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
ЖАО – Жергілікті атқарушы орган;
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі;
Жоғары Сот Кеңесі – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі;
ҚМА – Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі;
МАМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі;
ОМ – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
ТСМ – Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;
ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.