1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Жасанды интеллект туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 2-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Жасанды интеллект туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
2. | "Ұлттық жасанды интеллект платформасының операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
3. | "Деректерді басқару жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қарашадағы № 925 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
4. | "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
5. | Жасанды интеллектіні ендіру үшін экономиканың басымдық берілетін секторларының тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
6. | "Ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 135 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
7. | "Ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 13 маусымдағы № 263 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
8. | Жасанды интеллект жүйелеріне арналған құжаттаманың тізбесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
9. | Ақпараттандыру объектілерін жасанды интеллект жүйелеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
10. | Жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының есептеу ресурстарына қолжетімділік беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
11. | Машина оқитын нысандарды әзірлеу, қолдану және тарату қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
12. | Салалық мемлекеттік органдардың қауіп-қатер дәрежесі жоғары жасанды интеллектінің сенімді жүйелерінің тізбелерін қалыптастыру және оларды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында жариялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
13. | Жасанды интеллектінің платформалық бағдарламалық өнімдерін, модельдерін әзірлеу, жасанды интеллектінің ұлттық платформасында орналастыру үшін жасанды интеллектінің ұлттық платформасында қызметтер көрсету шеңберінде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы операторының жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
14. | "Цифрлық майнингтік пулдарды аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 142/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
15. | "Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 169/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
16. | "Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 179/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
17. | "Дербес деректерді жинау, өңдеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № 395/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
18. | "Дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 144/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
19. | "Меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 199/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
20. | "Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
21. | "Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 215 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.У. Мұсалиев |
22. | "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі | 2026 жылғы қаңтар | Д.А. Мун |
23. | "Цифрлық активтер биржалары, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының өзге де қатысушыларының мемлекеттік кірістер органына Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттерінің цифрлық активтер биржаларында жүргізген операциялары және резиденттер мен бейрезиденттерге цифрлық активтерге байланысты қызметті жүзеге асырудан төленген сыйақылар туралы мәліметтерді ұсыну нысаны және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 634 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы |
Қазақстан Республикасының | 2026 жылғы қаңтар | Биржанов Е.Е. |