1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгілінген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі жиынтық ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
| Премьер-Министр | О. Бектенов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2026 жылғы 14 қаңтардағы № 1-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық қызмет саласын мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру және мемлекеттік статистика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 27 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы |
Құқықтық | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актілердің сапасына, уақтылы әзірленуі мен енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. |
"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінің қамқоршылық кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы |
ЖИЦДМ | 2026 жылғы қаңтар | Мұсалиев Д.У. |
2. | Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы |
ҒЖБМ | 2026 жылғы қаңтар | Щеглова Д.Р. |
3. | Ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қаңтар | Мұсалиев Д.У. |
4. | "Технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 21 сәуірдегі № 133/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығы | ҒЖБМ | 2026 жылғы қаңтар | Щеглова Д.Р. |
5. | "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 415 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығы | ЖИЦДМ | 2026 жылғы қаңтар | Мұсалиев Д.У. |
6. | "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 24 қарашадағы № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығы |
СІМ, ІІМ | 2026 жылғы қаңтар |
Бақаев Ә.Ә.,Лепеха И.В. |
7. | "Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін және бейінді емес қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғалардың бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
8. | "Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың түрлері бойынша модельдік келісімшарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 сәуірдегі № 195 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Шархан И.Ш. |
9. | "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар мәселелері бойынша үлгілік шарттардың, өтініш пен сауалнамалардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 шілдедегі № 522 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
10. | "Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бірлескен бұйрығы |
Еңбекмині, | 2026 жылғы қаңтар |
Ертаев А.М.,Сапарбеков О.С. |
11. | "Арнайы экономикалық аймақтардың және мемлекеттік индустриялық аймақтардың басқарушы компанияларын басқару үшін адамдарды конкурстық іріктеуді жүргізу қағидаларын, сондай-ақ көрсетілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 6 тамыздағы № 621 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
12. | "Тұлғаның арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде тіркелгенін куәландыратын куәлікті беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 18 шілдедегі № 519 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
13. | "Арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының арнайы экономикалық немесе индустриялық аймақтың қатысушылары арасында жер учаскелерін бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 15 қазандағы № 775 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
14. | "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
15. | "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
16. | "Жобаларды іріктеу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 599 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2026 жылғы қаңтар | Сапарбеков О.С. |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҒЖБМ – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЖИЦДМ – Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі