1. Қоса беріліп отырған, қабылдануы Қазақстан Республикасының "Аквашаруашылық туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 12 маусымдағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей, тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген заңдарды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей, жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 11 қыркүйектегі № 149-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы Қазақстан Республикасының "Аквашаруашылық туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 12 маусымдағы заңдарымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапасына, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | Инвестициялық тарифті қалыптастыру және оны ұсыну мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭМ | 2025 жылғы тамыз | С.Қ. Есімханов |
2. | "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
3. | Аквашаруашылықты дамытудың жай күйіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
4. | Аквашаруашылық субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
5. | Көл-тауар және (немесе) тор қоршамада балық өсіру шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
6. | Көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
7. | Халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарында тор қоршамада балық өсіру шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
8. | Аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
9. | Балықтардың және басқа да су жануарларының жаппай қырылу қаупін болдырмау, сондай-ақ балықтардың қырылу салдарын жою үшін көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
10. | Балық ресурстарының және басқа су жануарларының санын реттеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
11. | Аквашаруашылық саласында балық өсіру-биологиялық негiздеме әзірлеу қағидаларын бекіту | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
12. | Балық шаруашылығы су айдынын және (немесе) учаскесін көл-тауар және (немесе) тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін учаскелерді бекіту жөніндегі конкурс өткізу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
13. | Халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарынан торлы шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін учаскелерді бекітіп беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
14. | Аквашаруашылық саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы | бірлескен бұйрық | АШМ, ҰЭМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
15. | Көл-тауар және (немесе) тор қоршамада шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерiнің тiзбесiн бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
16. | Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары түрлерін пайдалануға биологиялық негіздеме әзірлеу қағидасын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
17. | Балық ресурстарын және басқа су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
18. | Балық аулау объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
19. | Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
20. | Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
21. | Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
22. | Жануарлар дүниесiн (балық ресурстары және басқа да су жануарлары) пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянды өтеу мөлшерін айқындау, сондай-ақ шаруашылық қызмет салдарынан балық ресурстарына және басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген, оның ішінде болмай қоймайтын зиянның да орнын толтыру мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
23. | Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын балықтар түрлерін және басқа су жануарларын Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға арналған рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
24. | Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
25. | Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережесiн және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
26. | Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
27. | Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
28. | Балықтар мен басқа да су жануарларының сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның қолданылу аясына кіретін жануарлардың түрлерін еріксіз және жартылай ерікті жағдайларда ұстау, өсіру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
29. | Аквашаруашылық өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидалары бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
30. | Аквашаруашылық саласында инвестициялық салымдар кезінде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
31. | Аквашаруашылық саласына су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын субсидиялау қағидасын бекiту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
32. | Биоалуанүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
33. | Жемдік қорды басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.С. Сұлтанов |
34. | Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
35. | Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы. | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
36. | Балықтар мен басқа да су жануарларын интродукциялауға, реинтродукциялауға және будандастыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
37. | Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
38. | Мемлекеттік монополия субъектісінің бекіре тұқымдас балық түрлері өнімін қайта өңдеуі кезіндегі шикізат қалдықтарының, ысыраптары мен шығыстарының нормаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
39. | Аквашаруашылық ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2026 жылғы ақпан | А.Б. Бердалин |
40. | "Аңшылық шаруашылықтар, өсімін молайту учаскелері мен тыныштық аймақтары, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің шекаралары аншлагтарының үлгілерін, сондай-ақ аң аулау мен балық аулау үшін тыйым салынған мерзімдер мен орындарды, балық ресурстарын және басқа да су жануарларын аулауды есепке алу журналының (кәсіпшілік журналдың) нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/96 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
41. | "Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
42. | "Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған биологиялық негіздеме дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 104-Ө бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
43. | "Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттар беру қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 18-04/675 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
44. | "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерінің қорықшылық қызметі туралы үлгілік ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/578 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
45. | "Қолдануға рұқсат етілген кәсіпшілік және кәсіпшілік емес балық аулау құралдарының түрлері мен тәсілдерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 18-04/17 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
46. | "Аң аулау және балық аулау объектілері болып табылатын жануарлардың құнды түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
47. | "Электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпанындағы № 106 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2025 жылғы тамыз | С.Қ. Есімханов |
48. | "Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2025 жылғы тамыз | С.Қ. Есімханов |
49. | "Халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 18-04/120 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
50. | "Жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға шектеулер мен тыйым салуды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/159 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
51. | "Жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/149 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
52. | "Балық аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
53. | "Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға, Қазақстан Республикасының аумағынан экспорттауға және (немесе) кері экспорттауға әкімшілік органның рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/143 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
54. | "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
55. | "Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
56. | "Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
57. | "Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
58. | "Аңшылық және балық шаруашылықтары субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
59. | "Балық шаруашылығын жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-05/290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
60. | "Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк есепке алуды, оның кадастры мен мониторингiн жүргiзу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 18-03/577 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
61. | "Су айдындарына балық жіберу, су объектілерін балық шаруашылық мелиорациялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-05/928 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
62. | "Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 18-03/1010 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
63. | "Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 18-03/1058 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
64. | "Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы көрсетілетін қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 691 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2025 жылғы тамыз | С.Қ. Есімханов |
65. | "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 25 тамыздағы № 354 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
66. | "Cирек кездесетіндерден және жойылып кету қаупі төнгендерден басқа жануарларды эпизоотияны болғызбау мақсатында пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы № 357 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
67. | "Жануарлардың санын реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 480 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
68. | "Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
69. | "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.С. Сұлтанов |
70. | "Аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 542 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
71. | "Су тарту және ағызу құрылыстарының балықтарды қорғау құрылғыларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
72. | "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы | ҰЭМ | 2025 жылғы тамыз | А.К. Дарбаев |
73. | "Облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 457 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Тасжүреков |
74. | "Балықтар мен басқа да су жануарларының мониторингі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 қаңтардағы № 25 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.Б. Бердалин |
75. | "Аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің, сондай-ақ балық аулаушылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттеу, оларды аккредиттеуден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 28 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
76. | "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы | ЦДИАӨМ | 2025 жылғы тамыз | Р.А. Коняшкин |
77. | "Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.С. Сұлтанов |
78. | "Астықтың резервтік қорын басқару жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 89 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы тамыз | А.С. Сұлтанов |
79. | "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерге жатқызылған жануарлардың қырылу жағдайларын тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 150 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
80. | "Жабайы жануарлардың тіршілік ету өнімдерін алу мақсатында оларды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
81. | "Биоәртүрлілік шығынының орнын толтыруды орындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 19 мамырдағы № 151 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
82. | "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстары мемлекеттік кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 7 қыркүйектегі № 359 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы | ЭТРМ | 2025 жылғы тамыз | Н.Қ. Шәрбиев |
83. | "Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 14 сәуірдегі № 66-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығы | СРИМ | 2025 жылғы тамыз | Е.М. Ибрайханов |
84. | "Уылдырық шашу кезеңінде балық аулауға тыйым салынған, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерінде су көлігі қозғалысының ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 313-ө бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
85. | "Балықтардың және балық аулау объектілеріне жатқызылған басқа су жануарларының және балықтар мен өзге шаруашылық мақсаттарда пайдаланылатын басқа су жануарларының кадастр кітаптарын жүргізу нысандары мен қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 245-ө бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
86. | "Ішкі және сыртқы нарықтардағы сауда үшін бекіре тұқымдас балық түрлерінің уылдырығын таңбалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 18-04/14 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
87. | "Шаруашылық қызметі нәтижесінде балық ресурстары мен басқа да су жануарларына келтірілетін және келтірілген зиянды, оның ішінде болмай қоймайтын зиянды өтеу мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 21 тамыздағы № 341 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
88. | "Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
89. | "Балық аулауды жүргізу үшін бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық өсіруді (акваөсіруді) жүргізуге арналған балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 27 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
90. | "Әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің қолдан өсімін молайту, оларды тауарлы өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 127 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
91. | "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
92. | "Инвестициялық салымдар кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 14 маусымдағы № 219 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
93. | "Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 283 бұйрығының күшін жою туралы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығы | АШМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Бердалин |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
СРИМ – Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.