1. Қоса беріліп отырған қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) тізбеге сәйкес құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген тәртіппен бекітуге енгізсін;
2) тізбеге сәйкес тиісті ведомстволық актілерді қабылдасын;
3) ай сайын, 30-ы күнінен кешіктірмей тізбеге сәйкес құқықтық актілердің әзірленуі және қабылдануы туралы ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі көрсетілген Заңды іске асыру жөніндегі ақпаратты талдап, қорытындыласын және ай сайын, 5-і күнінен кешіктірмей жиынтық ақпаратты жалпыға қолжетімді мемлекеттік ақпараттандыру объектісінде орналастырып тұрсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 20 тамыздағы № 138-ө өкімімен бекітілген |
Қабылдануы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен негізделген құқықтық актілердің тізбесі
Р/с | Құқықтық актінің атауы | Құқықтық актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі | Құқықтық актінің сапалы, уақтылы әзірленуіне және енгізілуіне жауапты адам |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2025 жылғы қыркүйек | Е.Е. Біржанов |
2. | "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҰЭМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Б. Қасенов |
3. | "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | СИМ | 2025 жылғы қыркүйек | А.Қ. Каримов |
4. | "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек |
Қ.Ж. Қажкенов |
5. | Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, есептеу әдістемесіне, олардың құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығы | СИМ, ҚНРДА (келісу бойынша) | 2025 жылғы қыркүйек |
А.Қ. Каримов, |
6. | Экспорттық-кредиттік агенттіктің сақтандыру, қайта сақтандыру шарттарын жасасу және орындау жөніндегі есептілікті ұсыну тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Cауда және интеграция министрінің бұйрығы |
СИМ, ҚНРДА (келісу бойынша), | 2025 жылғы қыркүйек |
А.Қ. Каримов, |
7. | Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша еңбек сіңірілмеген сыйлықақылар, болмаған залалдар, мәлімделген, бірақ реттелмеген залалдар, болған, бірақ мәлімделмеген залалдар бойынша сақтандыру резервтері мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны ұсыну қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы | СИМ, Қаржымині | 2025 жылғы қыркүйек |
А.Қ. Каримов, |
8. | Коллекторлық және (немесе) микроқаржы ұйымдарының алдында берешегі бар активтер мен міндеттемелер туралы, кірістер мен мүлік туралы декларацияларды ұсыну жөніндегі міндет туындаған жеке тұлғалардың берешегі бойынша кредиттік есептен мәліметтерді кредиттік бюроның ұсыну қағидалары мен нысанын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы | Қаржымині, ҚНРДА (келісу бойынша) | 2025 жылғы қыркүйек |
Е.Е. Біржанов, |
9. | Кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
10. | Көппәтерлі тұрғын үй басқарушысына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
11. | "Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2025 жылғы қыркүйек | Б.Ш. Жақселекова |
12. | "Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы | Әділетмині | 2025 жылғы қыркүйек | Б.Ш. Жақселекова |
13. | "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу | Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы | ЭМ | 2025 жылғы қыркүйек | С.Қ. Есімханов |
14. | "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 108 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
15. | "Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын және "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
16. | "Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
17. | "Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың және олардың қоршау конструкцияларының бірі бөлігі болып табылатын элементтерінің энергия тиімділігі жөніндегі талаптарды белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 406 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
18. | "Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ жиналыс хаттамаларының үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
19. | "Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік пен көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания немесе сервистік қызмет субъектілері арасындағы шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 165 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
20. | "Кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 166 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
21. | "Ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 172 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
22. | "Мүліктің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 205 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
23. | "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 246 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
24. | "Коммуналдық көрсетілетін қызметтердің тізбесін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
25. | "Мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе жай серіктестік немесе көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы немесе басқарушы компания мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 250 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
26. | "Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуы бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 253 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 33 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бірлескен бұйрығы |
ӨҚМ, | 2025 жылғы қыркүйек |
Қ.Ж. Қажкенов, |
27. | "Тұрғын үй инспекциясының көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 149 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
28. | "Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждықты айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 23 мамырдағы № 167 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығы | Еңбекмині | 2025 жылғы қыркүйек | О.С. Анафин |
29. | "Тұрғын және тұрғын емес үй-жайларда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі тәртіп пен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 4 желтоқсандағы № 411 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | О.С. Сапарбеков |
30. | "Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 164 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
31. | "Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 169 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы | ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
32. |
"Жай серіктестіктің бірлескен қызмет туралы үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы | Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы |
ӨҚМ | 2025 жылғы қыркүйек | Қ.Ж. Қажкенов |
33. | "Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың қағидаларын бекіту туралы" республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулысы | республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері | 2025 жылғы қыркүйек | әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары |
34. | "Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулысы | республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері | 2025 жылғы қыркүйек | әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары |
35. | "Бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы |
республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің | республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері | 2025 жылғы қыркүйек | әкімдердің жетекшілік ететін орынбасарлары |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
ҚНРДА – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі;
ӨҚМ – Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі;
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі.