1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөнінде республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) құрылсын.
2. Қоса беріп отырған Республикалық штаб туралы ереже бекітілсін.
3. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өңірлік штабтар құрсын.
4. "Мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 15 қыркүйектегі № 129-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 134-ө өкіміме қосымша |
Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөнінде республикалық штабтың құрамы
1) Қазақстан Республикасының Премьер-Министр, жетекші;
2) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары, жетекшінің орынбасары;
3) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, жетекшінің орынбасары;
4) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы, хатшы;
5) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;
6) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
7) Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
8) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
9) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;
10) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
11) Қазақстан Республикасының Көлік министрі;
12) Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
13) Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі;
14) Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі;
15) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
16) Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;
17) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі;
18) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;
19) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
20) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының орынбасары (келісу бойынша);
21) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
22) Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша);
23) Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша).
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 13 тамыздағы № 134-ө өкімімен бекітілген |
Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөнінде республикалық штаб туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөнінде республикалық штаб (бұдан әрі – Республикалық штаб) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Республикалық штабтың мақсаты нашақорлықтың профилактикасы және есірткі қылмыскерлігіне қарсы әрекет саласында мемлекет саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.
3. Республикалық штаб өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
4. Республикалық штаб жетекшіден, жетекшінің орынбасарынан және Республикалық штаб мүшелерінен тұрады.
5. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Республикалық штабтың жұмыс органы болып табылады.
2. Республикалық штабтың міндеттері
6. Республикалық штабтың негізгі міндеті мемлекеттік органдардың қазіргі заманғы есірткі бизнесіндегі жаңа қатерлер мен қауіптерді анықтауға, кешенді профилактикалық шараларды іске асырудың тиімді тәсілдерін әзірлеуге, нашақорлықтың профилактикасын, емдеу жүйесін жетілдіруге және есірткіге тәуелді адамдарды оңалту жүйесін дамытуға бағытталған қызметін түзету болып табылады.
3. Республикалық штаб жұмысының ұйымдастырылуы және тәртібі
7. Республикалық штабтың жұмысын ұйымдастыру және оның тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрылуы, қызметі және таратылуы қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8. Республикалық штаб отырыстары қажетіне қарай өткізіледі.