1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) <*>
2) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қазандағы N 1540 қаулысына:
көрсетілген қаулымен бекітілген Топтар бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың тізбесінде:
ІІ топтағы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және
реформалар жөніндегі агенттігі" деген жол алынып тасталсын;
ІІІ топ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігі";
көрсетілген қаулымен бекітілген 2000 жылға республикалық бюджеттен
қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкерге арналған
ағымдағы шығыстарының нормативінде:
ІІІ топ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттік" 682 - ";
3) "2000 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан
Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 7 желтоқсандағы N 1872
P991872_
қаулысына:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
ІҮ "Шығыстар" деген бөлімде:
1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет көрсетулер" деген функционалдық
топта:
1. "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді,
атқарушы және басқа органдар" деген функцияда:
"690 Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы" мемлекеттік
мекемесі жолында:
3-бағандағы "100829" деген сан "91839" деген санмен ауыстырылсын;
1 "Әкімшілік шығыстар" деген бағдарламаның 3-бағанындағы "31451"
деген сан "22461" деген санмен ауыстырылсын;
1 "Орталық органның аппараты" деген кіші бағдарламаның 3-бағанындағы
"31451" деген сан "22461" деген санмен ауыстырылсын;
5 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" деген кіші функцияда:
"604 Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігі" мемлекеттік мекемесі жолында:
3 бағандағы "34781" деген сан "43771" деген санмен ауыстырылсын;
1 "Әкімшілік шығыстар" деген бағдарламаның 3-бағанындағы "12152"
деген сан "21142" деген санмен ауыстырылсын;
1 "Орталық органның аппараты" деген кіші бағдарламаның 3-бағанындағы
"12152" деген сан "21142" деген санмен ауыстырылсын.
Ескерту. 1-тармақтың 1)-тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
2000.06.05. N 838 қаулысымен.
P000838_
2. Осы қаулы 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.