1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін акциздік алым таңбаларымен таңбалау туралы" 1999 жылғы 19 сәуірдегі N 431 P990431_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 13, 130-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Таңбалауға жататын отандық және импорттық өндірістегі
акцизделетін тауарларды (1 және 2-қосымшаларға сәйкес) сату 1999
жылғы үлгідегі акциздік алым таңбаларымен ғана:
1) акцизделетін тауарларды өндірушілерге - 1999 жылдың 1 шілдесінен
бастап;
2) акцизделетін тауарларды сақтауды және сатуды жүзеге асыратын
заңды және жеке тұлғаларға - 1999 жылдың 1 тамызынан бастап жүзеге
асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолдануға енгізіледі және
жариялауға жатады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Орынбекова Д.
Кобдалиева Н.