1. "Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жобалау, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қазандағы N 851 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 39, 588-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды алу, жасау (орнату), пайдалану және шет елдерден әкелу тәртібі туралы ережеде:
2-тармақтың үшінші абзацындағы "Мемлекеттік тергеу комитеті"
деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Салық полициясы
комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
22-тармақтағы "Мемлекеттік тергеу комитетінің" деген сөздер
"Мемлекеттік кіріс министрлігі Салық полициясы комитетінің" деген
сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі