"Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6
U990006_
Жарлығына
сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже;
2)
<*>
3)
<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақша күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.07.10.
N 1039 қаулысымен.
P001039_
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.09. N 1353
қаулысымен.
P991353_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 2) тармақшасының және 2-тармақтың күші жойылды
- ҚР Үкіметінің 1999.11.03. N 1645 қаулысымен.
P991645_
3. Мынадай лимит белгіленсін:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің штат саны
272 адам;
<*>
<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 3 абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің
1999.09.03. N 1301 қаулысымен.
P991301_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 2 абзацы өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.08.
N 1878 қаулысымен.
P991878_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.05.06. N 683
қаулысымен.
P000683_
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.17. N 58
қаулысымен.
P010058_
4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы
Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Кеңсесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрі - Премьер-Министрінің Кеңсесі) мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруді және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган болып табылады.
2. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
Премьер-Министрдің Кеңсесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
Егер Премьер-Министрдің Кеңсесіне заңдарға сәйкес уәкілеттік берілсе, онда ол азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет атынан кіруге құқылы.
4. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша
заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
5. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымы мен шекті штат санын
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
6. Премьер-Министр Кеңсесінің заңды мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11.
7. Республикалық мемлекеттік органның толық атауы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі.
8. Премьер-Министр Кеңсесінің құрылтайшысы мемлекет болып табылады.
Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ереже оның құрылтай құжаты болып
табылады.
9. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін қаржыландыру тек
республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Егер Премьер-Министрдің Кеңсесіне заң актілерімен кірістер
әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен
алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне аударылады.
2. Премьер-Министр Кеңсесінің негізгі міндеттері,
функциялары және құқықтары
10. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңдарға сәйкес мынадай функцияларды
жүзеге асырады:
1) Премьер-Министр мен Үкіметті ақпараттық-талдамалық, құқықтық, ұйымдастырушылық, хаттамалық консультативтік, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету өз құзыретiнiң шегiнде; <*>
3) Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің мүдделерін соттарда білдіру және қорғау, прокурорлық жауап беру актілерін қарау, сондай-ақ мемлекеттiк органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу; <*>
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс қағаздарын жүргізу және хат-хабарларды өңдеу;
5) мемлекеттік тілде іс жүргізуді кезең-кезеңмен енгізу;
6) Үкімет мүшелерінің, агенттiктер басшыларының және акционерлік қоғамдар (ұлттық компаниялар) басшыларының кезекті тоқсанға дейін кемінде 15 күн бұрын енгізілген ұсыныстары бойынша Үкімет мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тоқсан сайынғы тізбесін әзiрлеудi ұйымдастыру; <*>
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістерінде күн тәртібін жасау, материалдар әзірлеу, Қазақстан Республикасының Үкіметі мәжілістерінің материалдарын, хаттамаларын ресімдеу және жөнелту;
7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту; <*>
8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттiк органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкiметi енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау; <*>
9) Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қаулылары мен Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын дайындау; <*>
10) Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару, оларды жөнелту және сақтау; <*>
11) сараптама жасау барысында келіспеушілік туындаған және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес оларды жою жөнінде тапсырма берілген жағдайларда Үкімет қаулыларының жобаларын пысықтау;
11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық кеңестер өткiзудi ұйымдастыру. <*>
12) Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларының, Үкімет актілерінің, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының, Үкімет мәжілістерінің хаттамалық шешімдерінің атқарылуына бақылау жасау, аталған мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрін хабардар ету;
13) мемлекеттік органдардың Үкіметтің тиісті жылға арналған Іс-қимыл бағдарламасы бойынша іс-шаралардың және Заң жобалары жұмысы жоспарының орындалуы жөніндегі қызметін үйлестіру және Премьер-Министрді ол туралы хабардар ету;
13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу. <*>
14) Мемлекет басшысы актілері мен тапсырмаларының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Президентіне және оның Әкімшілігіне ақпарат дайындауды ұйымдастыру; <*>
15) Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының тапсырмасы бойынша заңдар, Үкіметтің қаулылары және Премьер-Министрдің өкімдері жобаларының тиісті мемлекеттік органдарда келісілуінің мерзімдеріне бақылау жасауды жүзеге асыру; <*>
16) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрдің Парламентпен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Yкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына жеткiзу. <*>
17) Премьер-Министрді Үкімет мүшелерінің атына түскен депутаттық
сұрау салулармен жұмыс туралы хабардар ету;
18) Премьер-Министр мен оның орынбасарлары үшін тұтастай
алғандағы және аймақтар бойынша Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен дамуын сипаттайтын материалдар
дайындау сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге
де ақпараттарды;
<*>
19) Премьер-Министрдің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара
байланысын қамтамасыз ету;
19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге
қатысу.
<*>
20) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау, жүйелендіру және
кодтау;
21) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын немесе оның
келісімі бойынша тағайындалатын лауазымдардың тізбесіне кіретін
кадрлар бойынша жұмыстар жүргізуге қатысу;
22) Премьер-Министрдiң Кеңсесi кадрларының оқуын ұйымдастыру;
23) Премьер-Министр мен Yкiметтiң, қажет болған жағдайларда
Yкiметтiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың қызметiн
құжаттамалық қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету;
24) Yкiмет мүшелерiнiң, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы
орынбасарларының азаматтарды қабылдауының тоқсан сайынғы Кестесiн
дайындау, сондай-ақ Премьер-Министрдiң Кеңсесiнде азаматтарды қабылдауды
ұйымдастыру;
25) азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша өтiнiштерiн қарау;
26) өзiне заңдарда жүктелген өзге де функциялар.
ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен.
P000345_
11. Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып
табылады:
1) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң және Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдамалық және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету; <*>
2) Үкiмет пен Премьер-Министрдiң актiлерiн дайындау және орындау процесiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестіру;
3) жобаларды келiсудiң және Yкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң орындалуының мерзiмдерiне бақылау жасау.
4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен. P000345_
12. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Премьер-Министрдiң Кеңсесі өз құзыретiнiң шегiнде мыналарға қақылы:
1) Қазақстан Республикасының Парламентiнде және оның Палаталарында Yкiметтiң мүддесiн бiлдiру;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдардың қарауындағы кез келген ақпараттық деректер банкiн, оның iшiнде құпиялыларын пайдалану;
3) Премьер-Министр Кеңсесiнiң қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк органдармен және өзге де ұйымдармен қызметтiк, оның iшiнде құпия хат-хабар алысу;
4) мемлекеттiк органдар дайындаған заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентi актiлерiнiң, Yкiмет қаулыларының және Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобалары бойынша сараптаманы жүзеге асыру және қорытындылар дайындау;
5) Премьер-Министрдiң және оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын дайындау; <*>
6) заңдарда белгiленген жағдайларда Yкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын оларды әзiрлеушiлерге қайтару;
6-1) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару. <*>
7) Үкiмет шешiмдерiн талап етпейтiн мәселелер жөнiндегi хат-хабарларды тиiстi министрлiктерге, агенттіктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға жолдау және қайтару; <*>
8) мемлекеттiк органдардың Мемлекет басшысы, Yкiмет және Премьер-Министр актiлерiнiң жобалары жөнiндегi, сондай-ақ қабылданған нормативтік құқықтық актiлердiң атқарылуы мәселелерi жөнiндегi келiспеушiліктерiн қарау бойынша кеңестер шақыру;
8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген жағдайларда оларға мемлекеттiк органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру. <*>
9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттiк органдармен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртiбiмен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау; <*>
10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру. <*>
11) мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзу, оның iшiнде қорғаныштық құралдарды пайдалану талаптарының орындалуы бойынша тексерулер жүргізу;
12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру. <*>
13) Үкiметтiң, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары тапсырмаларының атқарылмағаны немесе тиiстi емес түрде атқарылғаны үшiн министрлiктердiң, агенттiктердiң және ведомстволардың басшыларын жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгiзу;
14) мемлекеттiк органдар алқаларының мәжiлiстерiне қатысу;
14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру. <*>
15) отандық және шетелдiк ұйымдарға елдiң экономикасын реформалау мәселелерi бойынша ғылыми-зерттеу тақырыптары мен ақпараттық-талдау сипатындағы жұмыстарды әзiрлеуге осы мақсаттарға көзделген қаржы қаражатының шегiнде тапсырыстар беру;
16) отандық және шетелдiк сарапшылар мен консультанттардың Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қызметiне қатысты мәселелер бойынша қызмет көрсетулерiн белгiленген тәртiппен пайдалану;
17) заңдарға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен. P000345_
13. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жауапты қызметкерлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк кеңесшi органдардың жұмысына, сондай-ақ тиiсiнше Үкiметтiң және Премьер-Министрдiң шешiмдерi бойынша құрылатын комиссиялар мен жұмыс топтарына қатыса алады.
14. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мемлекеттiк органдардың қажеттi
материалдар, мәлiметтер беруi жөнiндегi, сондай-ақ Үкiмет пен
Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын пысықтау жөнiндегi талаптары
тапсырмада басқа атқару мерзiмдерi көрсетiлмеген болса, заңдарда
белгiленген мерзiмдерде орындалуға тиiс.
14-1. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша шешiмi мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн
мiндеттi.
<*>
ЕСКЕРТУ. Жаңа 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.02.
N 345 қаулысымен.
P000345_
3. Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi
15. Премьер-Министр Кеңсесiнiң жедел басқару құқығында оқшау мүлкі
болады.
Премьер-Министр Кеңсесiнiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң
есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан,
сондай-ақ құны Премьер-Министр Кеңсесiнiң балансында көрсетiлетiн өзге
де мүлiктен тұрады.
16. Премьер-Министрдiң Кеңсесiне бекiтiлiп берiлген мүлiк
республикалық меншiкке жатады.
17. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi
өз бетiнше иелiктен алуға немесе оған өзге тәсiлмен билiк жүргізуге құқығы
жоқ.
Премьер-Министрдiң Кеңсесiне мүлiкке билiк жасау құқығы берiлген
жағдайда ол мүлiкке заңдарда белгiленген жағдайлар мен шекте билiк жасайды.
4. Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру
18. Премьер-Министрдiң Кеңсесiн Қазақстан Республикасының
Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын
Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы басқарады.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының ұсынысы
бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі Премьер-Министр Кеңсесінің мына
қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
1) Кеңсе Басшысының орынбасарлары;
2) құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері;
3) Премьер-Министрдің көмекшілері мен кеңесшілері;
4) құрылымдық бөлімше жетекшілерінің орынбасарлары;
5) бас инспекторлары.
<*>
Премьер-Министр Кеңсесінің басқа қызметкерлерін Кеңсенің Басшысы заңдарға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
ЕСКЕРТУ. 18-тармақтың екінші абзацы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің
1999.11.06. N 1667 қаулысымен. P991667_
19. Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы Премьер-Министр Кеңсесiнiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Премьер-Министрдiң Кеңсесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауап бередi.
20. Осы мақсатта Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы:
1) өз орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
2) <*>
2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. <*>
3) заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде
Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға
тәртіптік жаза қолданады;
<*>
4) бұйрықтар шығарады;
5) Премьер-Министр Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері туралы
ережелерді бекітеді олардың арасындағы мемлекеттiк органдар енгiзетiн
мәселелердi қарау жөнiндегi функционалдық мiндеттердi нақты бөле
отырып;
<*>
5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi.
<*>
6) Премьер-Министрдің Кеңсесін мемлекеттік органдарда, өзге де
ұйымдарда білдіреді;
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
ЕСКЕРТУ. 20-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталды - ҚР Үкіметінің
1999.11.06. N 1667 қаулысымен.
P991667_
ЕСКЕРТУ. Жаңа 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
2000.03.02. N 345 қаулысымен.
P000345_
5. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта
ұйымдастыру және тарату
21. Премьер-Министрдің Кеңсесін қайта ұйымдастыру және тарату
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің
Құрылымы
Басшылық
Үкіметтік ақпарат бөлімі
<*>
Премьер-Министрдің Хатшылығы
Премьер-Министрдің Баспасөз қызметі
Үкіметтің Парламенттегі Өкілдігі
Экономикалық бөлім
Өндірістік сала бөлімі
Заң бөлімі
Ақпараттық-талдау бөлімі
Аймақтық даму және кадр бөлімі
Сыртқы экономикалық байланыстар және хаттама бөлімі
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі
Қаржы-шаруашылық бөлімі
Қазақстан Республикасы Министрінің - Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер істері
жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының Хатшылығы
ЕСКЕРТУ. Құрылым өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.09. N 1353
қаулысымен.
P991353_
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің
қарауындағы ұйымдардың
Тізбесі
1. "Қазарнаулыэкспорт (Қазспецэкспорт)" республикалық мемлекеттiк
кәсiпорны.
<*>
ЕСКЕРТУ. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.02. N 345
қаулысымен.
P000345_
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 мамырдағы
N 592 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Премьер Министрінің Кеңсесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 қарашадағы N 1449 P971449_ қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 1732 P971732_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, N 53, 484-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің штат
санының лимитін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998
жылғы 5 ақпандағы N 87 қаулысы.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 10 желтоқсандағы
N 1732 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 7 сәуірдегі N 295
P980295_
қаулысы.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.