1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды кәсiпшiлiк, әуесқойлық және спорттық аулауына арналған республика бойынша бiрыңғай ең төменгi төлем ставкалары бекiтiлсiн.
2. Арнайы уәкiлеттiк берiлген Қазақстан Республикасының аңшылық шаруашылығын басқару органына Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының жабайы аңдарды аулауына арналған төлем ставкаларын ең төмендегiден қалыптасқан сұранысқа қарай арттыруға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман,
балық және аң шаруашылығы комитетi бiр айлық мерзiм iшiнде жануарлар
әлемiн пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ оны қорғау және жаңадан өндiру
үшiн төлемдер алудың және оларды жұмсаудың тәртiбiн әзiрлесiн және оны
Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 14
қыркүйектегi N 393 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 11 тамыздағы
N 760 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды
тұлғаларының жабайы аңдарды кәсiпшiлiк, әуесқойлық
және спорттық аулауына арналған бiрыңғай ең
төменгi төлем ставкалары
___________________________________________________________________
|Бiрыңғай ең төменгi төлем
|ставкаларының мөлшерi (бiр бас
Жабайы аңдардың түрлерi |үшiн теңгемен)
|_______________________________
|кәсiпшiлiк аулау|әуесқойлық және
| |спорттық аулау
___________________________________________________________________
Тұяқты жануарлар
Бұлан (аталығы) 12000
Бұлан (ұрғашысы) 10000
Бұлан (ұшары) 5000
Марал (аталығы) 10000
Марал (ұрғашысы) 5000
Марал (ұшары) 3000
Аскания бұқасы (аталығы) 7000
Аскания бұқасы (ұрғашысы) 4000
Аскания бұқасы (ұшары) 2500
Елiк (ареалдың солтүстiк жағы)- 3000
аталығы
Елiк (ареалдың солтүстiк жағы)- 2500
ұрғашысы, ұшары
Елiк (ареалдың оңтүстiк жағы)- 1500
аталығы
Елiк (ареалдың оңтүстiк жағы)-
ұрғашысы, ұшары 1000
Тоқал бұғы 1500
Сiбiр тау ешкiсi (аталығы) 3500
Сiбiр тау ешкiсi (ұрғашысы, ұшары) 2500
Қабан (аталығы) 4000
Қабан (ұрғашысы, ұшары) 3000
Киiк (аталығы) 200 1000
Киiк (ұрғашысы, ұшары) 150 600
Жыртқыш және мамық жүндi аңдар
Аю 10000
Бұлғын 1800
Құндыз 1000
Кәмшат 700
Ондатр 100
Суыр, қара күзен 120
Борсық 120 300
Түлкi 100 300
Қарсақ 50 150
Сiлеусiн 500
Саршұнақ немесе құмтышқан 40
Қояндар-ор қоян, ақ қоян, құм қояны 10 50
Саршұнақтар, Алтай бұрабасы, кәдiмгi
атжалман, Азия борша тышқаны, Сiбiр
көртышқаны, су сұртышқаны 5
Жанат тәрiздi ит, Құну, Жанат, Сарғыш
күзен, Ақ қалақ, Ақкiс, Сары күзен,
Сасық күзен, Дала мысығы, Тиiн 40
Теңiз алаңдары
Каспий ит балығы 1500
Қанатты жабайы құстар
Қырғауыл 200
Саңырау құр 300
Ұлар 350
Құр 250
Қаздар, қарашақаздар 50 200
Үйректер 10 60
Қасқалдақ, шалшықшылар, шырғалақтар,
қарабауыр, шiлдер, кекiлiк 50
Құстардың аңшылық объектiлерiне
жатқызылған басқа да түрлерi 20
Қосмекендiлер және бауырымен жорғалаушылар
Ортаазия және су тасбақасы 20
Көкбақалар, құрбақалар 3
Кесiрткелер 5
Улы жыландар 50
Усыз жыландар 40