1. "Шлюмберже Лоджелко, Инк" компаниясының "Ойлфилд Лоджистикс" акционерлiк қоғамына "Шлюмберже Лоджелко, Инк" компаниясы мен "Арман" бiрлескен кәсiпорнының арасындағы 1997 жылдың 16 шiлдесiндегi N 1 келiсiм-шартқа сәйкес мұнай және газ скважиналарында геофизикалық зерттеудi орындау үшiн Қазақстан Республикасына екi иондаушы сәулелеу көзiн (Amersham Model СDС-СVЗ, 5 кюриге дейiн және SWS Model H 245258 NSR-M 10 кюриге дейiн) әкелуге рұқсат берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
3. Иондаушы сәулелеу көздерiн әкелуге бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жанындағы Атом
энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.25. N 1281
қаулысымен.
P971281_
4. Иондаушы сәулелеу көздерiн пайдалану қауiпсiздiгiне бақылау
жасау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қызмет департаментiне
жүктелсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақпен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.25. N 1281
Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi