1. Қазақстан Республикасы Жол қорының 1997 жылға арналған
бюджетi қосымшаға сәйкес кiрiсi мен шығысы бойынша 9495 млн.
теңге сомасында бекiтiлсiн.
<*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1880
қаулысымен.
P971880_
2. Жол қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң кiрiс бөлiгi
мыналардың есебiнен құралады деп белгiленсiн:
автомобиль жолдарын пайдаланушылар жасайтын аударымдардан;
Қазақстан Республикасы аумағына келгенi, кеткенi және жүрiп
өткенi үшiн алынатын төлемдерден;
бөлшек саудада сатылатын бензин мен дизель отынын сатқаны үшiн
алынатын алымдардан;
мемлекеттiк ақылы автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн алынатын
төлемдерден;
заңмен көзделген басқа да түсiмдерден.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi:
1997 жылға арналған бюджетте республикалық жол қорына түсетiн қаражат есебiнен Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын жалпы мемлекеттiк маңызы бар объектiлердi қаржыландыру үшiн резерв құруды көздей отырып, Жол қоры кiрiсiнiң облысаралық реттелуiн қамтамасыз етсiн.
Жол қоры қаражатының есебiнен орындалатын жұмыстар, негiзiнен тендер арқылы жүргiзiлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi және облыстардың әкiмдерi арнаулы жол қорына төлемдердiң толық және уақытылы түсуiн, сондай-ақ олардың нысаналы пайдалануын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолдансын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Жол
қорына қаржының толық және уақытылы түсуiн қамтамасыз етуге
жәрдемдессiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне Жол қоры бюджетiнiң
орындалу барысы туралы тоқсан сайын хабарлап отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
ЕСКЕРТУ. Қосымша жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1880
қаулысымен
P971880_
.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1880 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Жол қорының 1997 жылға
арналған бюджетi
(мың теңге)
___________________________________________________________________
Кiрiстер мен шығыстардың |Барлығы | Оның iшiнде
баптары | |_______________________
| |республика. |облыстық Жол
| |лық Жол қоры|қоры
___________________________________________________________________
Кiрiстер
___________________________________________________________________
1. 1997 жылдың 1 қаңтарындағы 258240 95137 163103
қаражаттың қалдығы
___________________________________________________________________
2. Автомобиль жолдарын пайдала. 7192990 4627668 2565322
нушылардың аударымдары
___________________________________________________________________
3. Қазақстан Республикасының 535700 535700 -
аумағына келгенi, кеткенi және
жүрiп өткенi үшiн алынатын
төлемдер
___________________________________________________________________
4. Бөлшек саудада бензин мен 1178610 589306 589304
дизель отынын сатқаны үшiн
алым
___________________________________________________________________
5. Ақылы мемлекеттiк автомобиль 60000 60000 -
жолдарымен жүргенi үшiн
алынатын төлемдер
___________________________________________________________________
6. Басқа да түсiмдер 269460 118189 151271
___________________________________________________________________
Кiрiстердiң жиыны 9495000 6026000 3469000
___________________________________________________________________
Шығыстар
___________________________________________________________________
1. Кiрiспен жабылмаған 1996 жылдың 674731 399059 275672
шығыстары
___________________________________________________________________
2. Жолдарды ағымдағы жөндеу, 3519281 1467298 2051983
күтiп ұстау, көгалдандыру
және басқару
___________________________________________________________________
3. Жолдарды және олардағы 2915030 1874012 1041018
құрылыстар салу, күрделi және
орташа жөндеу
___________________________________________________________________
4. Жалпы мемлекеттiк маңызы 1863564 1863564 -
бар объектiлердi қаржыландыруға
арналған резерв
___________________________________________________________________
5. Басқа да шығыстар 522394 422067 100327
___________________________________________________________________
Шығыстардың жиыны 9495000 6026000 3469000
___________________________________________________________________
Кiрiстiң шығыстан артуы 0 0 0
___________________________________________________________________