Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын
санациялау және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының жаңа
құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4
қыркүйектегi N 1087 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын
санациялау және жою жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының
құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Жәрменов Б.Б. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң орынбасары
Нұрмағамбетов А.М. - Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтiк қорғау
министрiнiң орынбасары
Қажыбаев А.Қ. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
және сауда министрiнiң орынбасары,
Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi
комитетiнiң төрағасы
Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi төрағасының орынбасары
Сатыбалдин Ғ.Қ. - Қазақстан Республикасы Аппаратының
Кәсiпорындарды реформалау бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары
Ушуров И.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметi
Аппаратының Заң бөлiмi
меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары
М.К.Кетебаев, Х.А.Оспанов, Ә.М.Бәйменов, Г.Г.Старостенко, С.Ғ.Майдыров, А.А.Досекенов аталған құрамнан шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi