1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 86 адам болып бекiтiлсiн.
2, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi
орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1791
P951791_
қаулысының күшi
жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 27 желтоқсандағы
N 1650 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
министрлiгi орталық аппаратының құрылымы
Басшылық
Емдеу-профилактикалық көмек және денсаулық сақтауды
реформалау
Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы
Экономика басқармасы
Ғылым, бiлiм, кадр жұмысы және сыртқы байланыстар басқармасы
Дәрiлiк қамтамасыз ету басқармасы
Жалпы бөлiм