1. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 40 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетiне
төрағаның екi орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын,
сондай-ақ 7 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi
орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi комитетi
орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1798
P951798_
қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1633 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Су ресурстары
жөнiндегi комитетi орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Су ресурстары бөлiмi
Су шаруашылығы құрылыстары және инвестициялар бөлiмi
Арал және Каспий теңiздерi мен көлдердiң мәселелерi
жөнiндегi бөлiм
Экономика және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
Жалпы бөлiм