1. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 140 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне министрдiң 5 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ саны 13 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 6 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1741 қаулысының 1 тармағының үшiншi абзацы, 2-5 тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ғы 1995 ж., N 38, 493
құжат);
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы
N 1741 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 маусымдағы N 687 қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 26, 217-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1589 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
орталық аппаратының құрылымы
Басшылық
Заңдар бас басқармасы
Заңды тұлғаларды тiркеу басқармасы
Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын
мәмiлелердi тiркеу басқармасы
Соттардың жұмысын ұйымдастыру басқармасы
Халықаралық құқықты қамтамасыз ету басқармасы
Кадр басқармасы
Қаржы басқармасы
Ұйымдастыру-бақылау басқармасы
Заңдарды кодификациялау және жүйелеу бөлiмi
Ведомстволық нормативтiк актiлердi тiркеу бөлiмi
Халыққа заң қызмет көрсету бөлiмi
Құқықтық насихат бөлiмi
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi