1. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 30 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасына Басқарма бастығының бiр орынбасарын, сондай-ақ
7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасы орталық аппаратына 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1787
P951787_
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 18 желтоқсандағы
N 1550 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi
бас басқармасы орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Гидрометқамтамасыз ету бөлiмi
Өндiрiстiк-жүйелiк бөлiм
Қаржы-экономикалық бөлiм
Кадр және iс жүргiзу бөлiмi