1. Қытай Халық Республикасы Төрағасының 1996 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты
шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасының Сыртқы Iстер министрлiгi осы
қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне
жарты жылда кемiнде бiр рет хабарлама жасап тұрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 22 қарашадағы
N 1432 қаулысымен
бекiтiлген
Қытай Халық Республикасы Төрағасының 1996 жылғы
шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары
барысындағы қол жеткiзiлген келiсiмдер мен
уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
N | Шаралар атауы | Тапсырманың
р/с| | мазмұны
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Келiсiмнiң күшiне ену рәсiмiн
мен Қытай Халық Республикасының орындау жөнiнде ұсыныс енгiзу
Үкiметi арасындағы
Әскери-техникалық ынтымақтастық
туралы келiсiмдi жүзеге асыру
Келiсiмдi жүзеге асыруды
қамтамасыз ету
2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Шаралар жоспарын әзiрлеп және
Халық Республикасы арасындағы оны қытай жағымен келiсу
дипломатиялық қатынас орнауының
бес жылдығына арналған шараларды
ұйымдастыру (03.01.97)
3. Қытай жағымен Ақмола қаласының Қытай жағына ақпарат беру
құрылысын салу жөнiндегi және келiссөз жүргiзу
ынтымақтастық нысандарының
мүмкiндiгiн пысықтау
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Жобаны әзiрлеу және оны
саясат жөнiндегi мемкомитетi мен қытай жағымен келiсу
Қытай Халық Республикасының
Ұлттар iсi жөнiндегi мемкомитетi
арасындағы ынтымақтастық туралы
келiсiмдi әзiрлеу
5. Қытай жағымен қазақстандық Келiссөздер жүргiзу
студенттердiң ҚХР-дың оқу
орындарындағы оқыту квотасын 50
адамға дейiн көбейту мәселесiн
пысықтау
___________________________________________________________________
Орындалу | Орындауға жауаптылар |Бақылауға жауапты
мерзiмi | |бөлiмдер
___________________________________________________________________
4 | 5 | 6
___________________________________________________________________
1996 жылғы Қорғанысминi, Қорғаныс және құқық
желтоқсан Өнеркәсiпсаудаминi, тәртiбi бөлiмi
Қаржыминi, Әдiлетминi,
Сыртқыiсминi
тұрақты Қорғанысминi, Бұл да сол
Сыртқыiсминi
1996 жылғы Сыртқыiсминi Сыртқы байланыстар
желтоқсан бөлiмi
1996 жылғы Сыртқыiсминi, Жоғары және орталық
желтоқсан Өнеркәсiпсаудаминi, мемлекеттiк органдарды
Экономминi Ақмола қаласына көшiру
жөнiндегi мемлекеттiк
комиссия
1996 жылғы Ұлтмемкомы, Еңбекминi, Әлеуметтiк-мәдени даму
Әдiлетминi, Сыртқыiсминi бөлiмi
1997 жылғы Бiлiмминi, Сыртқыiсминi Бұл да сол