1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым Академиясының:
Қазақ КСР Ғылым Академиясының Физика-техникалық институтына Қазақ КСР Ғылым Академиясы Жоғары энергиялар физикасы институтын қосу арқылы Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Физика-техникалық институты етiп қайта құру туралы:
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Ғ.С.Сәдуақасов атындағы Ұйғыртану институтының базасында Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Шығыстану институтын ұйымдастыру туралы ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы ғылыми-зерттеу институттарының жарғыларын бекiтсiн.
3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигi Рамазан Бимашұлы Сүлейменовтi мәңгi есте қалдыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 20 қаңтардағы N 88 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж, N 5, 45-құжат);
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ұйғыртану
институтына Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының
корреспондент-мүшесi Ғожахмет Сәдуақасұлы Сәдуақасовтың есiмiн беру
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
14 маусымдағы N 629 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж.,
N 25, 269-құжат).
4. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi