"Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарын санациялау мен тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының жаңа құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 қыркүйектегi N 1087 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды санациялау мен тарату
жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының құрамына - Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г.Штойк төраға болып
енгiзiлсiн;
В.В.Соболев аталған құрамнан шығарылсын;
2-тармақтағы "1-тармақ" сөзi "2-тармақтан басқа" сөздерiмен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi