1. Таратуға ұсынылған, төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорындардың iшiнен Атырау облысының "Атырауавтокөлiк" және "Металбұйымдары зауыты" акционерлiк қоғамдары алынып тасталсын.
2. "Дәрменсiз кәсiпорындарды қаржылық-экономикалық сауықтыруға
және таратуға байланысты iс-шараларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы
5 қыркүйектегi N 1227 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
1-тармақтағы "Атырауавтокөлiк" акционерлiк қоғамы-Атырау облысы;
"Метал бұйымдары зауыты" акционерлiк қоғамы Атырау облысы;" деген
сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi