Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Алматы қаласының әкiмiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм
министрлiгiмен және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген Алматы қаласының
бiлiм мекемелерiне:
N 161 көп салалы қазақ гимназиясына - қазақтың ұлы ақыны Жамбыл
Жабаевтың;
N 128 қазақ орта мектебiне - қазақ әдебиетiнiң классигi Мұхтар
Әуезовтың есiмдерiн беру туралы ұсыныстары қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi