Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi қызметiнiң
мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995
жылғы 8 маусымдағы N 800 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1995 ж., N 20, 232-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Медетшi банкiне Басқарма төрағасының бiр бiрiншi орынбасары
және екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн";
аталған қаулының қосымшасына:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкi Кеңесiнiң
құрамына:
Тәжияқов Б.Ш. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
төрағасының бiрiншi орынбасары
Кетебаев М.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң
орынбасары
Имашев Б.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
төрағасының орынбасары - Кәсiпорындарды
қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң
директоры
енгiзiлсiн.
О.Ә. Жандосов, Қ.М. Смағұлов, А.М. Шоқпытов аталған құрамнан
шығарылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары