1. Павлодар облысы әкiмiнiң және "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ бойынша 1996 жылдың 1 наурызына жинақталған 976238 мың (тоғыз жүз жетпiс алты млн. екi жүз отыз сегiз мың) теңге республикалық бюджетке төлем бойынша берешегiн осы зауыттың өз мұнайынан өндiрiлген мұнай өнiмдерiн беру жолымен өтеу туралы ұсынысы қабылдансын.
Павлодар облысының әкiмi жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi осындай есептемелердi жүргiзу мүмкiндiгiн қарасын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша берешегi бар "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ арасындағы берешек есептемесiн қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес (1-қосымша) жүргiзсiн.
Аталған сома Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мекемелерiне 1996 жыл iшiнде алынған мұнай өнiмдерi құнының мөлшерiнде қаржыландыру есебiне есептелсiн.
Берешек есептемесi республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде белгiленген соманы көрсете отырып жүргiзiлсiн.
3. Аталған зауыттың республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегiн өтеу есебiне Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi мен Шекара әскерлерiнiң мұқтажына арналған мұнай өнiмдерiн берудiң "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ келiсiлген кестесi, бағасы мен көлемi бекiтiлсiн (2-қосымша).
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мұнай өнiмдерiн
беру кезеңiнде оларды берудiң бағасы, көлемi және кестесi сақталған
жағдайда осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген төлемдердiң уақыты
өтiп кеткенi үшiн "Павлодар мұнай өңдеу зауыты" АҚ-на айыппұл
санкцияларын қолданбау туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
Жоғарыда аталған шарттар орындалмаған жағдайда салық заңдарында
белгiленген тәртiппен айыппұл санкциялары қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 12 сәуiрдегi
N 436 қаулысына
1-қосымша
"Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының
1996 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк шекараны қорғау жөнiндегi
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мекемелерi оларға
мұнай өнiмдерiн беру есебiне есептемеге алған
республикалық бюджетке төлем бойынша берешегi
________________________________________________________
N | Бюджетке төлем | Республикалық бюджетке
р/с| түрлерi |берешек сомасы, мың теңге
________________________________________________________
1. Қосылған құнға салық 547969
2. Қосылған құнға уақытында
төленбеген салыққа өсiм 86412
3. Акциздер 245288
4. Заңды тұлғалардан алынатын
табыс салығы 94686
5. Мүлiкке салынатын салық -
6. Жеке тұлғалардан алынатын
табыс салығы 1883
Жиыны: 976238
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 12 сәуiрдегi
N 436 қаулысына
2-қосымша
"Павлодар мұнай өңдеу зауыты" акционерлiк қоғамының
1996 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Республикалық
бюджетке салық төлемдерi бойынша берешектерiн өтеу
есебiне 1996 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерi мен Шекара әскерлерi мұқтажына арнап
мұнай өнiмдерiн беру
Кестесi
1. Беру мерзiмдерi
Автобензин:
2. саны, тонна
3. тонна үшiн баға, теңге
Дизель отыны:
4. саны, тонна
5. тонна үшiн баға, теңге
Авиаотын:
6. саны, тонна
7. тонна үшiн баға, теңге
Мазут:
8. саны, тонна
9. тонна үшiн баға, теңге
10. Барлық сома мың теңге
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10
___________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi
Сәуiр 215 13500 225 9584 1175 11000 206 4518 18912
мамыр 2685 13500 3000 9584 1175 11000 4600 4518 98710
маусым 2685 13500 3000 9584 1175 11000 4600 4518 98710
шiлде 2685 13500 2700 9584 1175 11000 75052
тамыз 2685 13500 2700 9584 1175 11000 4600 4518 95835
қыркүйек 2685 13500 2700 9584 1175 11000 4600 4518 95835
қазан 4296 13500 4660 9584 6000 4518 129769
қараша 4296 13500 4660 9584 6000 4518 129769
желтоқсан4296 13500 4660 9584 6000 4518 129796
Жиыны 26528 28305 7050 36606 872361
2. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi
Сәуiр
мамыр
маусым
шiлде 537 13500 500 9584 1100 4518 17011
тамыз 537 13500 500 9584 1100 4518 17012
қыркүйек 537 13500 500 9584 1100 4518 17012
қазан 537 13500 500 9584 1100 4518 17012
қараша 537 13500 500 9584 1300 4518 17915
желтоқсан 537 13500 500 9584 1300 4518 17915
Жиыны 3222 3000 7000 103877
____________________________________________________________________
Барлығы 29750 31305 43606 976238