1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң және Талдықорған облысы әкiмiнiң Талдықорған облысының аумағында Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiнiң қарамағында "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн ұйымдастыру жөнiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгiмен - Ғылым академиясымен, басқа мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және өзге де орталық, жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiне тұрақты жер пайдалануға Кербұлақ ауданының жер пайдаланушыларының жерлерiнен 1-қосымшаға сәйкес жалпы көлемi 209553 гектар учаске берiлсiн.
3. Талдықорған облысының әкiмi "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң қызметiн қамтамасыз ету мақсатында, осы парктi құрудың техникалық-экономикалық негiздемесiнде көзделген оның аумақтарын аймақтарға бөлуге орай, 2-қосымшаға сәйкес Кербұлақ және Панфилов аудандарының аралас жер пайдаланушыларының жер учаскелерiн паркке мақсатты түрде шектеп пайдалану құқығын беру жөнiндегi мәселенi қарайтын болсын.
"Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсанындағы Заң күшi бар N 2717 U952717_ Жарлығына сәйкес парктiң жер пайдаланушы мүддесi қозғалған әрбiр ұйымдары бойынша тиiстi сервитуттарды әзiрлеп, бекiтсiн.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және биоресурстар министрлiгi, Талдықорған облысының әкiмi республикалық бағыныстағы мемлекеттiк мекеме нысанында жедел басқару құқығы негiзiнде iс-әрекет ететiн, табиғат қорғау, ғылыми және мәдени-ағарту қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға ретiнде "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң жарғысын әзiрлеп, белгiленген тәртiппен бекiтетiн болсын. Парктiң табиғи кешендерiн сақтау жөнiндегi қажеттi режимдi, сондай-ақ сервитуттар шартымен аралас жер пайдаланушылардың жер учаскелерiн пайдалану тәртiбiн белгiлесiн.
5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жергiлiктi жерлерде құрылатын мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiнiң шекараларын белгiленген тәртiппен орнатсын, осы парктiң тұрақты жер пайдалану құқығына ұсынылған жер учаскелерiне құжаттарды рәсiмдесiн.
6. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркiн 1996 жылдан бастап ұстауға кететiн шығындарды қаржыландыру Қазақстан Республикасының экология және биоресурстар министрлiгiне республикалық бюджетте көзделген қаржылар есебiнен және соның
шегiнде жүргiзiлсiн.
7. "Қапшағай мемлекеттiк аңшылық-қорық шаруашылығын ұйымдастыру
туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1982 жылғы 9 желтоқсандағы
N 465 қаулысының (ҚазССР ҚЖ, 1982 ж., N 246 102-бап) күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 10 сәуiрдегi
N 416 қаулысына
1 Қосымша
Ұйымдастырылатын "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық
табиғат паркiне жер учаскелерi берiлетiн Кербұлақ
ауданы жер пайдаланушыларының
Тiзбесi
1. Жер учаскелерi алып қойылатын жер пайдаланушылардың атауы
Тұрақты жер пайдалануға берiлетiн жер учаскелерiнiң аумағы,
гектар (оның iшiнде)
2. Барлығы
3. Егiстiк
4. Көп жылдық екпе ағаштар (бақшалар)
5. Пiшендiктер
6. Жайылымдар
7. Сүрекбұтақты екпе ағаштары
8. Басқа да жер алаптары
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8
___________________________________________________________________
"Басши" ұжымдық ауыл
шаруашылығы кәсiпорны 186747 2230 45 1002 167334 6849 9287
Қапшағай мемлекеттiк
аңшылық-қорық шаруашылығы 22806 - - - 9383 - 13423
оның iшiнде:
Алматы мемлекеттiк
қорығының бұрынғы
учаскесi 18306 - - - 9383 - 8923
Малды жартылай ерiктi
ұстау жөнiндегi
питомник (құландық) 4500 - - - - - 4500
_________________________________________________________________
Барлығы 209553 2230 45 1002 176717 6849 22710
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 10 сәуiрдегi
N 416 қаулысына
2 Қосымша
Ұйымдастырылатын "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат
паркiнiң аумағын аймаққа бөлуге сәйкес жер учаскелерiнде
түрлi дәрежедегi шаруашылық қызметтерiнiң шектелуi
көзделген Кербұлақ және Панфилов аудандары жер
пайдаланушыларының
Тiзбесi
1. Жер учаскелерi сервитуттар шартымен пайдаланылуы мүмкiн
жер пайдаланушылар атауы
Жер учаскелерiнiң аумағы, гектар (оның iшiнде)
2. Барлығы
3. Ауыл шаруашылығы алаптары
4. Басқа да жер алаптары
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3 | 4
___________________________________________________________________
Кербұлақ ауданы
"Қарашоқ" ұжымдық ауыл шаруашылығы
кәсiпорны 16000 13600 2400
Аманкелдi атындағы ұжымшар 37000 20000 17000
Шоқан атындағы ұжымшар 14880 13392 1488
Өмiрбековтiң шаруа қожалығы 2400 2400 -
"Қазгидрометтiң" метобекетi 4 - 4
Әл-Фараби атындағы Қазақ
мемлекеттiк ұлттық университетi 20 - 20
Басши ауылдық (селолық) округi
әкiмiнiң қарамағындағы елдi
мекендердiң жерлерi 27103 26638 465
Панфилов орман-аңшылық
кәсiпорнының жерлерiндегi ұзақ
мерзiмге пайдаланудағы "Басши"
ұжымдық ауыл шаруашылығы
кәсiпорнының жерлерi 8267 3603 4664
_________________________________________________________________
Аудан бойынша қорытындысы 105674 79633 26041
Панфилов ауданы
"Айдарлы" ұжымшары 65400 48380 17020
оның iшiнде:
Панфилов орман-аңшылық кәсiпорнының
жерлерiндегi ұзақ мерзiмге
пайдаланудағы 34739 27798 6941
"Қоңырөлең" агроөнеркәсiптiк
кооперативтiк кәсiпорны 79000 63200 15800
_________________________________________________________________
Аудан бойынша қорытындысы 144400 111580 32820
_________________________________________________________________
Облыс бойынша барлығы 250074 191213 58861