Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардан
қолда бар ақшаның банк мекемелерiнiң кассаларына түсуiн бақылауды
күшейту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993
жылғы 8 маусымдағы N 483 қаулысына (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 23, 286-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
7-тармақтағы "және түсiмдi банк кассаларына уақтылы өткiзбедi,
оны мақсатқа сай пайдаланбады" сөздерi алынып тасталсын;
9-тармақ алынып тасталсын;
11-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
12-тармақтың екiншi, бесiншi, және жетiншi абзацтары алынып
тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi