1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен "Қазконтракт" акционерлiк қоғамы арасында "Қазконтракт" акционерлiк қоғамының Ресей кредитi бойынша, бұрын өзiнен алынған валюта қаражаты өтемiнiң есебiне берiлген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1993 жылғы 31 наурыздағы N 115 өкiмiне сәйкес жеткiзiлген пестицидтер үшiн берешектi өтеуге жұмсалған 4,4 (төрт
миллион төрт жүз) мың АҚШ долларына бара-бар сомаға берешекке бiр
жолғы есептеу жүргiзсiн, есептеу нәтижелерi республикалық бюджеттiң
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мынадай
өкiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын:
1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 432;
1993 жылғы 3 қарашадағы N 487;
1993 жылғы 30 қарашадағы N 552;
1993 жылғы 3 ақпандағы N 48;
1993 жылғы 7 сәуiрдегi N 126;
1993 жылғы 23 қыркүйектегi N 363.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi