1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi Н.Ө. Балғымбаевқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "Экксон Сентрал Эйше Лимитед" фирмасымен келiссөз жүргiзу және Негiзгi принциптер туралы келiсiмге /НПК/ және басқа құжаттарға қол қою, сондай-ақ НПК және барлық басқа да келiсiмдер мен соған iлеспе құжаттарды келiсуге және орындауға байланысты тиiстi консультанттарды тарту тапсырылсын. <*>
Н.Ө. Балғымбаевқа тиiстi өкiлеттiк сертификаты берiлсiн.
Ескерту. 1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1996.02.22.
N 231 қаулысымен.
P960231_
2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және
жергiлiктi атқарушы органдар Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн қажеттi
рұқсаттар, лицензиялар берсiн және жәрдем көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi