1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1996 жылға арналған бюджетi кiрiсi бойынша 116206,3 млн. теңге, шығысы бойынша 116206,3 млн. теңге мөлшерiнде бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1996 жылға арналған бюджетi мыналардың есебiнен құрылатын болып белгiленсiн:
меншiк нысанына және қызмет түрлерiне қарамастан жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк жұмыспен айналысатын азаматтардың сақтандыру жарналарының есебiнен - 78326,5 млн. теңге;
жұмыс берушiлер мерзiмiнен бұрын зейнетақы тағайындауға байланысты және жеңiлдiктi зейнетақымен қамсыздандыру мақсаттарына арнап аударатын қаражат есебiнен - 99,6 млн. теңге;
жұмыс берушiлер мен азаматтардан керi талап қою тәртiбiмен өндiрiп алынатын қаражат есебiнен - 4,9 млн. теңге;
балалы отбасыларына төленген жәрдемақы үшiн жергiлiктi
бюджеттен өтелетiн қаражат есебiнен - 6608,6 млн. теңге;
төлеушiлер өтеуге тиiс 1995 жылғы сақтандыру жарналары бойынша
берешек қаражат есебiнен - 28604,5 млн. теңге;
бабалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге 1995 жылы жұмсалған шығын
үшiн жергiлiктi бюджеттердiң Зейнетақы қорына берешегiн өтеу
есебiнен - 1160,3 млн. теңге;
ақшалай қаражаттың 1996 жылғы 1 қаңтардағы ауыспалы қалдығы
есебiнен - 1401,9 млн. теңге.
3. 1996 жылы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан
мыналарға қаржы (млн. теңге) босатылсын:
"Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына
сәйкес төленетiн зейнетақыға 92080,8
1995 жылғы зейнетақыны төлеу бойынша
берешектi өтеуге 642
зейнетақыны төлеу және жеткiзiп беру
қызметiне арналған шығынға 1970,1
"Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының заңы бойынша берiлетiн
зейнетақыға қосылатын үстемеге 2796,7
шетелге тұрақты тұру үшiн қоныс аударған
азаматтарға еңбек жарақатының немесе кәсiби
ауруының салдарына байланысты тағайындалатын
зейнетақыны төлеуге 39,2
жерлеу үшiн жәрдемақы төлеуге 659,2
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995
жылғы 28 сәуiрдегi N 2247
U952247_
Заң күшi бар
Жарлығына сәйкес Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерiнiң зейнетақысына
ай сайын үстеме төлеуге 605,3
Қазақстан Республикасы Президентінiң 1995
жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар
Жарлығына сәйкес Ұлты Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерiне жыл сайын
бiр жолғы жәрдемақы төлеуге 201,8
балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге
жұмсалатын шығынға 6608,6
банктерден алынған кредиттер сомасын қайтаруға 900,0
банктерден алынған кредиттер бойынша
проценттердi төлеуге 69,3
1994-1995 жылдары бюджеттiң бөлiнген несиенi
қайтаруға 358,4
сақтандыру жарнасын төлеушiлердiң келесi
жылға ауысқан берешегiне 3435,2
4. "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына қаржы жинаулы жақсарту және зейнетақылар мен жәрдемақылардың төленуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 қарашадағы N 1600 P951600_ қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 467-құжат) белгiленген тәртiпке сәйкес жекелеген аймақтар бойынша кiрiстен асып түскен шығыстың орнын жабуға арналған қаражатты кейiннен қайта бөлу үшiн облыстар мен Алматы қаласының Зейнетақы қоры бюджеттерiне түскен сақтандыру жарнасынан бiр бөлiгiн (30 процент мөлшерiнде) Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына аудару көзделсiн.
5. Облыстар мен Алматы қаласының өкiмдерi орталықтандырылған
қаражаттың жеткiлiксiздiгiне байланысты жекелеген облыстар мен
Алматы қаласының Зейнетақы қоры бюджеттерiнде белгiленген аударымнан
тыс сома (млн. теңге) қарастырып, оны ай сайын бiрдей үлесте
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына
аударып отырсын:
Атырау - 968,9
Жезқазған - 541,3
Қарағанды - 556,7
Қостанай - 1289,6
Маңғыстау - 2413,6
Павлодар - 3581,6
Торғай - 277,1
Алматы қаласы - 305,1
6. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының өкiмдерi сақтандыру
жарнасы мен басқа да мiндеттi аударымдардың Қазақстан
Республикасының Зейнетақы қорына толық және уақытылы түсiп отыруын
қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы
25 қаңтардағы N 100
қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының
1996 жылға арналған бюджетi
Кiрiсi млн. теңге
1. Меншiк нысанына және қызмет түрлерiне
қарамастан жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк
жұмыспен айналысатын азаматтардың сақтандыру
жарналарының аударымдары 78326,5
2. Жұмыс берушiлер, мерзiмiнен бұрын зейнетақы
тағайындауға байланысты және жеңiлдiктi
зейнетақымен қамсыздандыру мақсаттарына
арнап аударатын қаражат 99,6
3. Жұмыс берушiлер мен азаматтардан керi талап
қою тәртiбiмен өндiрiп алынатын қаражат 4,9
4. Балалы отбасыларына төленген жәрдемақы үшiн
жергiлiктi бюджеттен өтелетiн қаражат 6608,6
5. Төлеушiлер өтеуге тиiс 1995 жылғы сақтандыру
жарналары бойынша берешек қаражат 28604,5
6. Балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге 1995
жылы жұмсалған шығын үшiн Зейнетақы қорына
берешегiн өтеу есебiнен жергiлiктi
бюджеттерден түсетiн қаражат 1160,3
7. Ақшалай қаражаттың 1996 жылғы 1 қаңтардағы
ауыспалы қалдығы 1401,9
Кiрiс жиынтығы: 116206,3
Шығысы млн. теңге
1. "Қазақ ССР-iнде азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандыру туралы" Қазақ ССР Заңына сәйкес
төленетiн зейнетақы 92080,8
оның iшiнде:
еңбек зейнетақысы 90170,1
әлеуметтiк зейнетақы 1489,5
мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер
қатарындағы мүгедектерге берiлетiн зейнетақы 421,2
2. 1995 жылғы зейнетақыны төлеу бойынша
берешектi өтеу 6421,7
3. Зейнетақыны төлеу және жеткiзiп беру
қызметiне арналған шығын 1970,1
4. Шетелге тұрақты тұру үшiн қоныс аударған
азаматтарға еңбек жарақатының немесе кәсiби
ауруының салдарына байланысты тағайындалатын
зейнетақыны төлеу 39,2
5. Жерлеу үшiн жәрдемақы төлеу 659,2
6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы
28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына
сәйкес республикалық бюджетте жыл сайын
белгiленетiн айлық есептi көрсеткiш мөлшерiнде
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектерiнiң зейнетақысына ай сайын
үстеме төлеу 605,3
7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995
жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар
Жарлығына сәйкес республикалық бюджетте жыл
сайын белгiленетiн төрт еселенген айлық есептi
көрсеткiш мөлшерiнде Ұлы Отан соғысының
қатысушылары мен мүгедектерiне жыл сайын бiр
жолғы жәрдемақы төлеу 201,8
8. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды
әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы бойынша берiлетiн
зейнетақыға қосылатын үстеме 2796,7
9. Балалы отбасыларына жәрдемақы төлеуге
жұмсалатын шығын 6608,6
10. Банктерден алынған кредиттер сомасын қайтару 900,0
11. Банктерден алынған кредиттер бойынша
проценттердi төлеу 69,3
12. 1994-1995 жылдары бюджеттен бөлiнген несиенi
қайтару 358,4
13. Сақтандыру жарнасын төлеушiлердiң келесi
жылға ауысқан берешегi 3495,2
Шығыс жиынтығы: 116206,3
Кiрiстiң шығыстан асуы: -