"Орталықтандырылған iшкi қаражат көздерi есебiнен қаржыландырылатын 1995 жылға арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 508 қаулысының "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен қайтарымсыз негiзде қаржыландырылатын республикалық нысаналы бағдарламалар объектiлерi бойынша 1995 жылға арналған күрделi қаржы салудың
көлемi" жөнiндегi 2-қосымшасына мынадай толықтыру мен өзгерту
енгiзiлсiн:
"Сырдария топтық су құбырын жаңғырту" қаржыландыру
объектiсi Қызылорда облысына жататын объектiлердiң қатарынан
шығарылып, Оңтүстiк Қазақстан облысы объектiлерiнiң қатарына
енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi