Қазақстан Республикасына берiлген Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек заемы қаржысын тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. 38,0 /отыз сегiз/ млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi техникалық көмек заемы қаржысын бөлу қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетi:
заемды жүзеге асыруды жалпы үйлестiру мен тауарлар және қызметтердi сатып алуға бақылау жасауды Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң ережелерiне сәйкес жүзеге асырсын;
заемның қаржысын пайдалану есебiн жүргiзсiн және осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне есеп берсiн;
заем қаржысын бөлудегi өзгерiстер туралы Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiне хабарласын.
3. Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi заем бойынша төлемдердi жүзеге асырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне апта сайын заем қаражатының пайдаланылуы туралы банк жазбаларының көшiрмелерiн берiп тұрсын.
4. Қосымшада көрсетiлген жауапты ұйымдар:
заемның қаржысына алынған тауарлар мен қызметтерге есеп жүргiзсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тоқсан сайын есеп берсiн;
ай сайын консультанттардан есеп алып, iстелген жұмыстың тиiмдiлiгiн көрсететiн iлеспе хатпен оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк комитетке жiберсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi мен Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi үшiн техникалық заем шеңберiнде бөлiнген қаржыны республикалық бюджеттiң кiрiсiне қайтару туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен Келiсiм жасасын.
6. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Халықаралық Қайта жаңарту және Даму банкiнiң техникалық көмек
заемын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 17 қаулысына қосымша:
"Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
4 қаңтардағы N 17 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу
туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы
6 ақпандағы N 116 қаулысы.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 13 қазандағы
N 1329 қаулысына
қосымша
Техникалық көмек заемы қаржысын пайдалану
бағыттары бойынша бөлу
________________________________________________________________
Жауапты | Мақсаты |АҚШ доллары
ұйымдар | |бойынша құны
__________________|________________________________|____________
1 | 2 | 3
__________________|________________________________|____________
Қазақстан Жаппай акционерлендiру және
Республикасының жаппай жекешелендiру бағдарлама.
Мемлекеттiк мүлiктi сын қолдау үшiн кадрлар даярлау
басқару жөнiндегi және консультациялық қызметтер 110 000
мемлекеттiк
комитетi
Жекешелендiру саласында жеке
жобалар бойынша консультациялық
қызметтер мен кадрлар даярлау 400 000
Қазақстан Ауыл шаруашылығын жекешелендiру
Республикасының саласындағы консультациялық
Жекешелендiру қызметтер 500 000
жөнiндегi мемлекет.
тiк комитетi
Мемлекеттiк акциялар пакетiнiң
бiр бөлiгiн ақша саудаласпасында
сату процестерiн қолдауға
арналған шығыстар 1200 000
Қазақстан Монополияға қарсы күрес және
Республикасының бәсекенi қолдау саясаты
Баға және монополия.саласындағы консультациялық
ға қарсы саясат қызметтер 500 000
жөнiндегi мемлекет.
тiк комитетi
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 100 000
Қазақстан Шетелдiк күрделi қаржыларды
Республикасының реттеу саласындағы
Министрлер Кабинетi консультациялық қызметтер
жанындағы Шетел және оларға жәрдем беру 415 000
капиталын пайдалану
жөнiндегi комитет
Қызметкерлер мен шетелдiк
консультанттардың жұмыс
орындарын жабдықтау және
безендiру 800 000
Қызметкерлердiң оқу бағдарлама.
ларына, семинарларға, конферен.
цияларға және мәжiлiстерге
қатысуы 120 000
Шетел баспасөзiнде ақпараттық
және жарнамалық материалдар
жариялау 300 000
Қазақстан Тау-кен өнеркәсiбi мен
Республикасының металлургияның жеке меншiк
Геология және жер секторын дамытуға жәрдем беру
қойнауын қорғау үшiн консультациялық қызметтер 50 000
министрлiгi
Компьютерлер мен жабдықтар алу 200 000
Қазақстан Ұйымдардың арасындағы төлемдер
Республикасының жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру
Ұлттық Банкi /қай. мақсатындағы консультациялық
тарымды негiзде/ қызметтер 500 000
Он iрi банктi қаржылық және
операциялық диагностикалық
зерделеу үшiн консультациялық
қызметтер 2 600 000
Бухгалтерлiк есептiң банк
жүйесiн реформалау мақсатындағы
консультациялық қызметтер 300 000
Жергiлiктi банк бақылауын
ұйымдық жағынан дамыту үшiн
кадрлар даярлау және
консультациялық қызметтер 1 000 000
Банк заңдарын жасау мақсатындағы
консультациялық қызметтер 500 000
Банк қызметшiлерiнiң кәсiби
даярлығы 150
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 5 800 000
Қазақстан Сыртқы заемдар мен борыштарды
Республикасының есепке алуды жетiлдiру мәселелерi
Қаржы министрлiгi бойынша консультациялық қызметтер
және кадрлар даярлау 1 000 000
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 1 000 000
Қазақстан Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Республикасының саласындағы консультациялық
Еңбек министрлiгi қызметтер мен кадрлар даярлау 85 000
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 160 000
Қазақстан Әлеуметтiк қамтамасыз ету
Республикасының қызметi үшiн консультациялық
Халықты әлеуметтiк қызметтер 440 000
қорғау министрлiгi
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 160 000
Қазақстан Кедейлiкке және халықтың табыс
Республикасының табуын қолдау жөнiндегi
Статистика және бағдарламаны жүзеге асыруға
талдау жөнiндегi бақылауды жақсарту үшiн
мемлекеттiк консультациялық қызметтер 450 000
комитетi
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 250 000
Ақпараттық бағдарлама-техникалық
кешенiн құру үшiн жабдықтар
сатып алу 1 800 000
Қазақстан Денсаулық сақтау жүйесiн
Республикасының реформалау мақсатында
Денсаулық сақтау консультациялық қызметтер 575 000
министрлiгi
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 25 000
Қазақстан Мемлекеттiк сектор басшылығының
Республикасының кәсiби даярлығы 1 100 000
Экономика
министрлiгi
Кәсiпорындар әкiмшiлiктерiнiң
кәсiби даярлығы 1 100 000
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 500 000
Президенттiң Компьютерлер мен жабдықтар
Аппараты сатып алу 500 000
Үкiметтiң Компьютерлер мен жабдықтар
Аппараты сатып алу 500 000
Қазақстан Қолданылып жүрген заңдарды
Республикасының реформалау мақсатында
Әдiлет министрлiгi консультациялық қызметтер және
кадрлар даярлау 1 950 000
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 200 000
Қазақстан Қоршаған ортаны қорғау
Республикасының мәселелерi бойынша
Экология және консультациялық қызметтер 1 475 000
биоресурстар
министрлiгi
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 140 000
Қазақстан Респуб. Ұйымдық даму үшiн
ликасының мемлекет. консультациялық қызметтер 300 000
тiк Медетшi банкi
Қазақстан Респуб. Банктi компьютерлендiру жоспарын
ликасының мемлекет. жүзеге асыру үшiн компьютерлер
тiк Экспорт-импорт мен жабдықтар және консалтингтiк
банкi /қайтарымды қызметтер сатып алу 500 000
негiзде/
Қазақстан Респуб. Халықаралық Қайта жаңарту және
ликасының Министр. Даму банкi /ХҚДБ/ ережелерiне
лер Кабинетiнiң сәйкес сатып алу мәселелерi
жанындағы Шетел жөнiндегi консультациялық
капиталын пайдалану қызметтер және кадрлар даярлау 1 700 000
жөнiндегi комитет
Халықаралық Қайта жаңарту және
Даму банкi /ХҚДБ/ ережелерiне
сәйкес төлемдер мәселелерi
жөнiнде консультациялық
қызметтер және кадрлар даярлау 750 000
Жаңа жобаларды әзiрлеу және
жүзеге асыруға байланысты
шығыстар 95 000
Жобаларды жүзеге асыруға жауапты
қызметкерлердiң оқу бағдарлама.
рына, семинарларға, конференция.
ларға және мәжiлiстерге қатысуы 50 000
Компьютерлер мен жабдықтар
сатып алу 40 000
Жобаларды жүзеге асыруға
байланысты жергiлiктi шығыстар 150 000
Жобалар бойынша есепшоттарды
тексеруге байланысты шығыстар 100 000
Резервтiк қор 5 359 500