1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 36678 әскери бөлiмiнiң үй-жайларын, ғимараттарын және басқа казармалық аймақтар объектiлерiн және еңбекпен түзеу колониясын ұйымдастыру үшiн Солнечный поселкесiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне иемденуге, пайдалануға және басқаруға қосымшаға сәйкес беретiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының аумағында стратегиялық шабуыл қару-жарақтарын жою жөнiндегi Үкiмет комиссиясы 36678 әскери бөлiмнiң автомобиль техникаларын, әскери және басқа мүлiктерiн бөлудi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мүддесiне жүзеге асыратын болсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi:
36678 әскери бөлiмiнiң базасында 2000 адамға жеткiзу лимитiмен жалпы режимдегi еңбекпен түзеу колониясын ұйымдастырсын;
15 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлетiн Солнечный поселкесiнiң үй-жайларын, ғимараттарын және басқа объектiлерiн, сондай-ақ 36678 әскери бөлiмiнiң мүлiктерiн күзетудi ұйымдастырсын;
36678 әскери бөлiмiнiң базасын еңбекпен түзеу колониясына лайықтап құқық қорғау органдарын ұстауға арналып 1995 жылдың бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде жобалау мен қайта жаңартуды жүзеге асыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң еңбекпен түзеу колониясын
және iшкi күзет әскерiн ұстау жөнiндегi есептерiн қарасын және
қажет болған жағдайда, қосымша штат саны мен 1995 жылдың бюджетiнде
мемлекеттiк билiк пен басқарудың республикалық және жергiлiктi
атқарушы-реттеушi органдарын ұстауға көзделген шығындар сомасы
шегiнде қаражат бөлетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 20 шiлдедегi
N 1006 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң
балансына еңбекпен түзеу колониясын ұйымдастыру
үшiн берiлетiн үй-жайлар мен ғимараттардың
Тiзiмi
---------------------------------------------------------------------
Рет | Объектiнiң атауы | Экспликация бойынша | Ауданы,
NN | | нөмiрi | шаршы
| | | метр
---------------------------------------------------------------------
1 | 2 | 3 | 4
---------------------------------------------------------------------
1 Штаб 80 1527
2 Штаб 81 1527
3 Штаб 82 1527
4 Штаб 85 127
5 Казарма 10 3112
6 Казарма 11 3112
7 Казарма 14 3112
8 Казарма 101 3112
9 Казарма 15 3112
10 Асхана 40 2701
11 Асхана 41 947
12 Клуб 13 1344
13 Шайхана 123 342
14 Оқу корпусы 12 3369
15 Қойма 37 263
16 Күзет үйi 43 228
17 Тұрмыстық қызмет комбинаты 46 443
18 Монша 44 336
19 Емхана 45 515
20 Өрт сөндiру депосы 49 285
21 Бокс 63 288
22 Гараж 231 1269
23 Гараж 230 1269
24 Гараж 57 118
25 Гараж 58 2556
26 Гараж 68 1269
27 Гараж 144 284
28 Асхана 121 947
29 Автожөндеу шеберханасы 61 1148
30 Кiр жуатын орын 76 799
31 Көкөнiс қоймасы (600 тонна) 71-73 1466
32 Тоңазытқыш (300 тонна) 75 806
33 Наубайхана 78 863
34 Тұрғын үйлер 1, 2, 3, 4, 5
35 Госпиталь 53
36 Мәдениет үйi 31
37 Қонақ үй 35, 36
38 Өрт сөндiру депосы 49
39 Сауда орталығы 138
40 Тұрмыстық қызмет комбинаты
бар дүкен 32
41 Емхана