1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитет:
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясынан компанияға енетiн акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк мүлiктi және мемлекеттiк акция пакетiн иелену, пайдалану әрi басқару құқын қайтарып алсын;
мемлекеттiң қатысуымен жаңадан құрылған "Береке" акционерлiк компаниясына Алматыдағы (N 2), Ақмоладағы, Жамбылдағы, Жаңаөзендегi, Жезқазғандағы, Қарағандыдағы, Қызылордадағы, Көкшетаудағы, Павлодардағы, Семейдегi, Талдықорғандағы, Оралдағы, Өскемендегi, Шымкенттегi бөлгiш тоңазытқыштардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың Жарғылық қорының 31 процентi мөлшерiндегi мемлекеттiк акция пакетiн басқару құқы берiлсiн. Аталған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiнiң, сондай-ақ бұрын "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына енген басқа да акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акция пакеттерiнiң қалған бөлiгiн өткiзу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi;
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерлiгiн айқындасын;
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамынан шығарылған акционерлiк қоғамдарды жедел басқару туралы мәселенi бiр ай мерзiмде шешетiн болсын.
2. Мемлекеттiң қатысуындағы "Береке" акционерлiк қоғамына және бөлгiш тоңазытқыштардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдарға шарт жағдайымен (мемлекеттiк акция пакеттерiнiң бөлiнуiне қарамастан):
еттiң, ет консервiлерiнiң, тоң майдың, тиiстi номенклатурадағы және басқа азық-түлiк тауарларының Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған көлемдегi мемлекеттiк резервiн сақтау;
мал өнiмдерiн әскери және арнаулы тұтынушыларға олардың өтiнiшi мен ресурстарының жай-күйiне сәйкес бiрiншi кезекте өткiзу жүктелсiн.
3. Былай деп белгiленсiн:
халықты, соның iшiнде дотациядағы аймақтарды қамтамасыз етуге арналған ет, сүт және басқа мал өнiмдерiнiң ресурстары сауда кәсiпорындарының тауар өндiрушiлерден және өткiзушi ұйымдардан еркiн сатып алу тәртiбiмен қалыптастырылады;
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының орталықтандырылған (директивтi) және шетел тауар кредиттерiн қайтару жөнiндегi құқықтық мұрагерлерi мемлекеттiң қатысуындағы "Береке" акционерлiк компаниясы, бөлгiш тоңазытқыштар негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ бұрын "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамына енген акционерлiк қоғамдар болып табылады, бұлар 1 және 2 қосымшаға сәйкес олардың уақтылы қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiндегi жауапкершiлiктi түгелдей мойнына алады.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi коммерциялық банктермен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасына шетел кредиттерiн тарту жөнiндегi жұмысты ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы" 1995 жылғы 8 ақпандағы N 139 қаулысының талаптарына сәйкес "Береке" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына және оның құрамына енген акционерлiк қоғамдарға бұрын берiлген шет елдiң тауар кредиттерiне қайта
ресiмдеу жүргiзiлсiн.
5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Береке"
мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" 1993 жылғы
30 тамыздағы N 746 қаулысының (Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,N 34, 391-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 наурыздағы
N 350 қаулысына
N 1 қосымша
Шетелдiк тауар кредитi бойынша алынған
тауарлар үшiн төлем жөнiндегi берешек
--------------------------------------------------------------------
Акционерлiк қоғамның атауы |Әлем | Тұранбанк |
|Банк |(балалар |Қайтару мерзiмi
|Қазақс.|тағамы үшiн|
|(құрғақ|АҚШ-тың мың|
|сүт үшiн долларымен|
|АҚШ-тың| |
|доллары. |
| мен | |
-------------------------------------------------------------------
_____________1___________________|___2___|______3_____|______________
Ақмоланың "Қазетсүтбалықөнеркәсiп. 142,9 1995 жылғы
сауда" АҚ 12 шiлде
Ақтөбедегi "Береке" АҚ 238,1 1995 жылғы
22 мамыр
Шығыс Қазақстандағы "Береке" АҚ 119,1 1995 жылғы
15 наурыз
Жамбылдағы "Жомарт" АҚ 142,9 1995 жылғы
3 сәуiр
Жезқазғандағы "Ұлан" АҚ 316,7 95,3 1995 жылғы
11 наурыз
Қарағандыдағы "Береке" АҚ 47,6 1995 жылғы
11 наурыз
47,6 1995 жылғы
15 наурыз
190,5 1995 жылғы
15 мамыр
"Береке" АҚ бойынша жиыны 285,7
Қостанайдағы "Қайсар" АҚ 190,5 1995 жылғы
28 шiлде
Маңғыстаудағы "Бiрлiк" АҚ 119,1 1995 жылғы
3 сәуiр
Павлодардағы "Дамир" АҚ 95,3 1995 жылғы
11 наурыз
23,8 1995 жылғы
15 наурыз
"Дамир" АҚ бойынша жиыны 119,1
Солтүстiк Қазақстандағы "Азат" АҚ 142,9 1995 жылғы
13 маусым
Семейдегi "Азат" АҚ 119,1 1995 жылғы
1 мамыр
Талдықорғандағы "Дархан" АҚ 43,6 1995 жылғы
1 мамыр
Торғайдағы "Мереке" АҚ 142,9 1995 жылғы
31 мамыр
Оңтүстiк Қазақстандағы "Мұғраж" АҚ 71,4 1995 жылғы
3 сәуiр
"Мұғраж" АҚ бойынша жиыны 142,9
Екiбастұздағы "Дана" АҚ 119,1 1995 жылғы
18 сәуiр
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк 1790,2 1994 жылғы
компаниясы 12 қыркүйек
Жиыны 2106,9 2163,2
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 28 наурыздағы
N 350 қаулысына
N 2 қосымша
Орталықтандырылған (директивтi) кредиттер бойынша
1995 жылғы 1 наурыздағы төлем берешегi
-------------------------------------------------------------------
Акционерлiк қоғамның атауы | Барлығы | Соның |
| миллион | iшiнде | Қайтару мерзiмi
| теңгемен| кредит |
| | үшiн |
| | процент|
-------------------------------------------------------------------
Алматының "Береке" АҚ 76,3 76,3 1995 жылғы
25 ақпан
Алматыдағы "Көмек" АҚ 93,8 39,4 1995 жылғы
25 ақпан
Балқаштағы "Береке" АҚ 44,3 20,1 1995 жылғы
25 ақпан
Шығыс Қазақстандағы "Береке" АҚ 5,0 5,0 1995 жылғы
25 ақпан
Жезқазғандағы "Ұлан" АҚ 16,2 16,2 1995 жылғы
25 ақпан
Қарағандыдағы "Береке" АҚ 117,5 61,0 1995 жылғы
25 ақпан
Қызылордадағы "Береке"АҚ 14,0 14,0 1995 жылғы
25 ақпан
Маңғыстаудағы "Бiрлiк" АҚ 35,5 17,8 1995 жылғы
25 ақпан
Семейдегi "Азат" АҚ 25,5 17,8 1995 жылғы
25 ақпан
Оңтүстiк Қазақстандағы 4,4 4,4 1995 жылғы
"Мұғраж" АҚ 25 ақпан
"Береке" мемлекеттiк акционерлiк 20,8 10,8 1994 жылғы
компаниясы 20 желтоқсан
Жиыны 463,3 282,8