Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы
министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық
жалақыларына жұмыстың ерекше режимi үшiн 1995 жылғы I қаңтардан
бастап 35 процент мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
Сыйлық, еңбек өткерген жылдары үшiн үстеме және материалдық
көмек аталған үстеменi ескере отырып төленедi.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары