1. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгi орталық аппаратының құрылымы осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 122 адам болып қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне 3 орынбасар, оның iшiнде министрдiң бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамы 13 адам санымен алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Департаменттер төрағаларының лауазымдық жалақылары бас басқармалар бастықтарының лауазымдық жалақылары деңгейiнде белгiленедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 21 қазандағы
N 1179 қаулысына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi
орталық аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Кадр саясаты бөлiмi
Жиынтық ақпарат және жоспарлау бөлiмi
Әлеуметтiк саясат және қамсыздандыру басқармасы
Әлеуметтiк серiктестiк және еңбек нарығындағы белсендi
саясат басқармасы
Еңбекке ақы төлеу және ұйымдастыру басқармасы
Еңбек заңдары басқармасы
Халықаралық байланыстар бөлiмi
Еңбек қорғау департаментi
Көшi-қон департаментi
Қаржыландыру және бухгалтерлiк есеп бөлiмi
Iс басқармасы