1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн Алматы қаласының Пушкин көшесiндегi 118-үйге орналастырсын;
үйдiң 100 проценттiк құнын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
Экспорт-импорт банкiсiнiң жарғылық қорына қосу үшiн оның құнын
бағамдасын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiн оның талап-тiлегiн
ескере отырып, басқа үйге орналастырсын;
Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкi орналасатын үйде
отырған барлық кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi он күндiк
мерзiмде көшiретiн болсын;
Орталық Азия Ынтымақтастық және даму банкiсiнiң жарғылық
қорына қосу үшiн бөлiнетiн үйдiң (үй-жайдың) құнын бағамдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi