1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының кестесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерiне мемлекеттiк басқару органдарының қызметкерлерi үшiн көзделген еңбек ақы төлеудiң қолданылып жүрген шарттары, оның iшiнде: сыйлықақы беру, үстеме ақы төлеу материалдық көмек көрсетудiң тәртiбi қолданылсын.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерi материалдық-тұрмыстық және медициналық қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының қызметкерлерiне теңестiрiлсiн.
3. Бас директорға Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгiнiң қалған қызметкерлерiне сыйлықақы төлеу тәртiбi мен шараларын белгiлеу құқы берiлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi туралы Ереженi бекiтсiн.
5. "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер
Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы Өндiрiстiк-пайдалану
бiрлестiгiнiң басшы қызметкерлерi мен мамандарының лауазымдық
жалақыларының кестесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қарашадағы N 1167 қаулысының күшi
жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 11 қазандағы
N 1160 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Iс
Басқармасының Өндiрiстiк-пайдалану бiрлестiгi
басшы қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының
Кестесi
--------------------------------------------------------------------
Лауазым ! Айлық лауазымдық
! жалақы
--------------------------------------------------------------------
Бас директор 3700
Бас инженер 3150
Бас директордың шаруашылық жөнiндегi
орынбасары 3050
Бас директордың ақпарат және ЕТ мәселелерi
жөнiндегi орынбасары 3150
Бас бухгалтер 3000
Бас экономист 2800
--------------------------------------------------------------------