1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының 50 жылдығына құны 20 теңгелiк 5 милиион дана мерейтолық
мәнеттер шығару туралы ұсынысы қабылдансын.
Бұл мәнеттер республикада заңды төлем құралы болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне:
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының белгiсi мен мәнеттердiң дизайны
бейнеленген мерейтойлық мәнеттер шығару туралы баспасөзде
хабар жариялау;
Бiрiккен Ұлттар Ұйымының нұсқауларын ескере отырып, мерейтойлық
мәнеттердi айналымға шығару күнiн белгiлеу;
осы мәнеттер шығаруға кететiн шығынды банк шығысының сметасы
шегiнен асырмау ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi