1. Құрамында N 1 қосымшаға сәйкес кәсiпорындары мен акционерлiк қоғамдары бар республикалық "Қазбайланысқұрылыс" мамандандырылған құрылыс-монтаж жалгерлiк бiрлестiгi негiзiнде "Байланысқұрылысшы" (бұдан былай - Компания) Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы құрылсын.
2. "Байланысқұрылысшы" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясына:
байланыс объектiлерiнде құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаратын, байланыс жабдықтарын және кабель өнiмдерiн шығарумен шұғылданатын, әр түрлi нысандағы меншiк иелерi болып табылатын кәсiпорындар мен мекемелердiң әрекеттерiн үйлестiру;
бiрегей және iрi байланыс объектiлерiнiң құрылысын жүргiзу жөнiндегi бас мердiгер ұйымының мiндетiн атқару;
Компания құрамына кiретiн құрылыс кешенi бөлiмдерiнiң техникалық және қаржы-экономикалық бiртұтас саясатын қамтамасыз ету жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
мемлекет мүлкi мен республикалық "Қазбайланысқұрылыс" мамандандырылған құрылыс-монтаж жалгерлiк бiрлестiгiнiң ұжымдық мүлкi негiзiнде Компанияның мүлiктiк кешенiн жасақтау жөнiнде жұмыс жүргiзсiн;
бiр ай мерзiмде Компанияның құрылтай құжаттарын бекiтетiн болсын;
"Қазбайланысқұрылыс" бiрлестiгiнiң құрылымдық бөлiмшелерiн акционерлiк қоғамға айналдыру жөнiндегi жұмыстар жүргiзiлсiн;
бiрлестiкке енетiн кәсiпорындардың негiзiнде құрылған акционерлiк қоғамдардың акциялар пакетiн бiрлестiктiң мүлкiмен бiрге Компанияның жарғылық қорына берсiн;
"Қазбайланысқұрылыс" бiрлестiгiнiң байланыс жабдықтары мен кабель өнiмдерiн шығару жөнiндегi бiрлескен кәсiпорындардағы үлесiн N 2 қосымшаға сәйкес Компанияның жарғылық қорына енгiзсiн;
Компанияның еңбек ұжымына мемлекеттiк мүлiк құнының 10 процент
акциясын артықшылық акция ретiнде берсiн.
4. "Байланысқұрылысшы" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
таратылатын республикалық "Қазбайланысқұрылыс" мамандандырылған
құрылыс-монтаж бiрлестiгiнiң мүлiктiк құқы мен мiндеттемелерiнiң
құқықтық мұрагерi болып табылады.
5. Компания басқармасы таратылатын "Қазбайланысқұрылыс"
бiрлестiгiнiң алаңына: Алматы қаласы, Төле би көшесi, 295 мекенжайы
бойынша орналастырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 8 ақпандағы
N 147 қаулысына
N 1 қосымша
"Байланысқұрылысшы" Мемлекеттiк акционерлiк
компаниясының құрамына енетiн кәсiпорындар мен
акционерлiк қоғамдардың
Тiзбесi
I. Республикалық "Қазбайланысқұрылыс"
мамандандырылған құрылыс-монтаж бiрлестiгi мынадай
құрамда:
Алматы ЖМК-сы, Алматы қаласы, Москвин көшесi, 9
Ақтөбе ЖМК-сы, Ақтөбе қаласы, п/ж 1
Жамбыл ЖМК-сы, Жамбыл қаласы, Загородная көшесi, 17
Қызылорда ҚМБ, Қызылорда қаласы, Қазанның 60 жылдығы
көшесi, 157
Маңғыстау ҚМУч, Ақтау қаласы, п/ж 100, Өнеркәсiп базасы
Семей ЖМК-сы, Семей қаласы, Жомартбаев көшесi, 5
Семейдiң құрылыс материалдарын және конструкцияларын жасау
жөнiндегi полигоны, Семей қаласы, Рысқұлов көшесi, 36
Орал ЖМК-сы, Орал қаласы, Производственная көшесi, 1а
Шымкент ЖМК-сы, Шымкент қаласы, Ленгер жолы, 5 км
II. "Қазбайланысқұрылыс" бiрлестiгiнiң
құрылымдық бiрлiгi негiзiнде акционерлiк қоғамдар
"Аламтытелефонқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы,
Данченко көшесi, 24
"Қазбайланысмонтаж" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы,
Ленин проспектi, 95
"Шығысбайланысқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Өскемен қаласы,
Школьное жолы, 209/1
"Атыраутелефонқұрылыс" акционерлiк қоғамы, Атырау қаласы,
Гагарин көшесi, 68
"Байланыс" акционерлiк қоғамы, Талдықорған қаласы, Шавров
көшесi, 17
III. "Қазбайланысқұрылыс" бiрлестiгiнiң құрамына
енетiн кәсiпорындар
"Эра" ұжымдық кәсiпорны, Орла қаласы, Полевая көшесi, 3
"Байланысшы" ұжымдық кәсiпорны, Алматы қаласы, 2-Остроумов
көшесi, 1а
"Тараз" Байланысқұрылысжиынтық шағын кәсiпорны, Алматы қаласы,
Төле би көшесi, 295
Жалгерлiк кәсiпорны-шаруашылық есептегi шеберхана, Алматы
қаласы, Төле би көшесi, 295
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 8 ақпандағы
N 147 қаулысына
N 2 қосымша
Үлесi "Байланысқұрылысшы" Мемлекеттiк акционерлiк
компаниясының жарғылық қорына енгiзiлген, жабдықтар мен
кабель өнiмдерiн шығару жөнiндегi бiрлескен кәсiпорындар
Тiзбесi
"ВЕСНЕТ" бiрлескен кәсiпорны, Павлодар қаласы
"КОМТЕЛ" бiрлескен кәсiпорны, Орал қаласы
"ХЕС"- "Байланыс" бiрлескен кәсiпорны, Семей қаласы