"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Kazakh Sport Management" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы спорттық-сауықтыру объектілерін пайдалану және спорттық қызмет саласындағы қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 244-1-жолмен толықтырылсын:
"
244-1. | Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақүйлерден басқа, мейрамханалары жоқ қонақүйлердің қызметтер көрсетуі | 55102 | республикалық меншік | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 5 жыл |
| "; |
реттік нөмірі 252-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 279-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
| "; |
реттік нөмірі 343-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
"13) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2029 жылғы 24 ақпанға дейін, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 344-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 44) тармақшамен толықтырылсын:
"44) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 366-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын:
"30) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 390-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – 5 жыл, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 393-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
мынадай мазмұндағы 52) тармақшамен толықтырылсын:
"52) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, "Decarbonize Solutions Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, "Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – 5 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына − 3 жыл, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – 5 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 402-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алматы" Олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 404-1-жолмен толықтырылсын:
"
404-1. | Мәдени-ойын-сауық іс-шараларынөткізуге ықпал ететін қызмет | 90020 | республикалық меншік | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Қазақстан Республикасы | Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 5 жыл |
| "; |
реттік нөмірі 408-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің "Алатау" қысқы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 409-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл";
реттік нөмірі 411-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 5 жыл";
2) "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы ереже Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
1. "Kazakh Sport Management" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесіндегі 6-тармақ алып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалатын республикалық заңды тұлғалардың тізбесіндегі 2-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |