Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 14 қазандағы № 899 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 14 қазандағы
№ 899 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі № 943 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидаларын бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ережесінде:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидалары";

      1, 2, 3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру тәртібін айқындайды.

      2. Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін резервте қалдыру ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту бойынша бекітілген жаратылыстану-ғылыми негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      Жер учаскелерін резервте қалдыру туралы шешiмдердi астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары қабылдайды.

      3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерi, құзыретiне жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелерi кiретiн астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары республикалық не жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту бойынша бекiтiлген жаратылыстану-ғылыми негiздемеге сәйкес астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшiн жерлердi резервте қалдыру туралы ұсыныстар (өтінішхаттар) дайындайды.

      4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органы көрсетілген ұсыныстарды (өтінішхаттарды) қарау және қажетті материалдарды дайындау үшін құрамына астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органының, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық органдарының, жер қатынастары жөніндегі аудандық органның, мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың және басқа да мүдделі органдардың өкілдері кіретін комиссия құрады, ол жер учаскелерінің мүдделі меншік иелері мен жер пайдаланушылардың немесе олардың өкілдерінің қатысуымен республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерін қаз-қалпында тексеріп шығады.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесі комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      5. Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге арналған жер учаскелерiн тексеру нәтижелерi жер учаскелерiнiң жоспары (сызбасы) қоса тіркелген, комиссия мүшелерi және жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар немесе олардың өкiлдерi қол қоятын актiмен ресiмделедi.

      Жер учаскелерін резервте қалдыру жоспары (сызбасы) жер қатынастары жөніндегі облыстық (аудандық) уәкілетті органдарда немесе мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда бар жер кадастры мәліметтерінің негізінде жасалады.

      Республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін резервте қалдырылатын жер учаскелерінің қазіргі жай-күйі бойынша материалдарды (жер-кадастрлық карта, аралас және бөтен жер пайдаланушылардың тізбесі, жерлер экспликациясы) комиссияға мемлекеттік жер кадастрын жүргізетін мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қатысуымен астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдары береді.

      Жоспарда (сызбада) жер учаскелерінің шекарасы шартты түрде немесе табиғи географиялық шептер бойынша айқындалады. Жер учаскелерінің дәл координаттары ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеменің құрамында орындалатын жерге орналастыру жобасын дайындау кезінде белгіленеді.

      Актiде республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн резервте қалдырылатын жер учаскелерiнiң орналасқан жерi, олардың алаңы, сапалық жағдайы, қорғау мен пайдаланудың ұсынылатын режимдерi, оларда ғимараттар мен құрылысжайлардың бар-жоғы және олардың бағалау құны, оларды шаруашылық мақсатта пайдалану режимiн шектеуге байланысты жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға залалдарды өтеуге арналған мемлекеттiк бюджеттiң ықтимал шығыстарын алдын ала бағалау туралы мәлiметтер көрсетіледі.

      6. Комиссияның актiсi негiзiнде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органының республикалық және жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн резервте қалдыру туралы шешiмi қабылданады, онда резервте қалдырылатын жер учаскелерiнiң шекаралары айқындалады, олардың орналасу схемасы мен экспликациясы берiледi, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiн сақтауды қамтамасыз ететiн оларды пайдалану құқығына шектеулер (ауыртпалықтар) белгiленеді.".

      2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 ақпандағы № 172 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне кері ауыстыру қағидаларында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру және босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру қағидалары";

      13-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің;

      2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органының шешімімен ауыстырылады.

      Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру туралы шешімдер қабылдау үшін жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу талап етілмейді.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссияны:

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті орган;

      жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы құрады.".

      3. "Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын азайту ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 мамырдағы № 399 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту қағидаларын бекiту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту туралы мәселені қарау орынды деп танылған жағдайда мемлекеттік орган материалдарды (карталар, сызбалар, негіздемелер) уәкілетті органға жібереді.

      Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату немесе олардың аумақтарын қысқарту туралы мәселені қарау орынды деп танылған жағдайда мемлекеттік орган материалдарды (карталар, сызбалар, негіздемелер) аумақтық тиесілігі бойынша астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) жібереді.".

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 октября 2026 года № 899

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 14 октября 2026 года № 899

Изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 2006 года № 943 "Об утверждении Правил резервирования земельных участков, предназначенных для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения":

      в заголовок вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах резервирования земельных участков, предназначенных для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения, утвержденных указанным постановлением:

      в заголовок вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      пункты 1, 2, 3, 4, 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила резервирования земельных участков, предназначенных для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения (далее – Правила), разработаны в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан и Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" и определяют порядок резервирования земельных участков, предназначенных для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения.

      2. Резервирование земельных участков, предназначенных для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения, осуществляется в соответствии с утвержденными естественно-научными обоснованиями по созданию и расширению особо охраняемых природных территорий.

      Решения о резервировании земельных участков принимаются местными исполнительными органами столицы, областей, городов республиканского значения.

      3. Территориальные подразделения уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий, местные исполнительные органы столицы, областей, городов республиканского значения, в компетенцию которых входят вопросы особо охраняемых природных территорий местного значения, в соответствии с утвержденным естественно-научным обоснованием по созданию или расширению особо охраняемой природной территории республиканского либо местного значения подготавливают предложения (ходатайства) о резервировании земель под особо охраняемые природные территории в местный исполнительный орган столицы, области, города республиканского значения.

      4. Местный исполнительный орган столицы, областей, городов республиканского значения для рассмотрения указанных предложений (ходатайств) и подготовки необходимых материалов образует комиссию в составе представителей местного исполнительного органа столицы, областей, городов республиканского значения, территориальных органов в области особо охраняемых природных территорий и охраны окружающей среды столицы, областей, городов республиканского значения, районного органа по земельным отношениям, специализированных республиканских государственных предприятий, ведущих государственный земельный кадастр, и других заинтересованных органов, которая обследует в натуре земельные участки, предназначенные для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения, с участием заинтересованных собственников земельных участков и землепользователей или их представителей.

      Рабочим органом комиссии является территориальное подразделение уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий.

      5. Результаты обследования земельных участков, предназначенных для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения, оформляются актом с приложением плана (схемы) земельных участков, который подписывается членами комиссии и собственниками земельных участков и землепользователей или их представителями.

      План (схема) резервирования земельных участков составляется на основе сведений земельного кадастра, имеющихся в областных (районных) уполномоченных органах по земельным отношениям или специализированных республиканских государственных предприятиях, ведущих государственный земельный кадастр.

      Материалы по современному состоянию земельных участков, резервируемых под создание и расширение особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения (земельно-кадастровая карта, перечень смежных и сторонних землепользователей, экспликация земель), предоставляются комиссии уполномоченными органами столицы, областей, городов республиканского значения по земельным отношениям с участием специализированных республиканских государственных предприятий, ведущих государственный земельный кадастр.

      Границы земельных участков на плане (схеме) определяются условно или по естественным географическим рубежам. Точные координаты земельных участков устанавливаются при подготовке землеустроительного проекта, выполняемого в составе технико-экономического обоснования по созданию или расширению особо охраняемой природной территории.

      В акте отражаются сведения о местонахождении земельных участков, резервируемых для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения, их площади, качественном состоянии, предлагаемых режимах охраны и использования, наличия на них зданий и сооружений и их оценочной стоимости, предварительной оценке возможных расходов государственного бюджета на компенсацию убытков собственникам земельных участков и землепользователям в связи с ограничением режима их хозяйственного использования.

      6. На основании акта комиссии принимается решение местного исполнительного органа столицы, областей, городов республиканского значения о резервировании земельных участков для создания и расширения особо охраняемых природных территорий республиканского и местного значения, которым определяются границы резервируемых земельных участков, даются схема их расположения и экспликация, устанавливаются ограничения (обременения) права их использования, обеспечивающие сохранение объектов государственного природно-заповедного фонда.".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2009 года № 172 "Об утверждении Правил перевода земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса и перевода земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий":

      в заголовок вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах перевода земель особо охраняемых природных территорий в земли запаса и перевода земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий, утвержденных указанным постановлением:

      подпункты 1) и 2) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "1) Правительства Республики Казахстан по предложению уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий, согласованному с местным исполнительным органом столицы, областей, городов республиканского значения, – по особо охраняемой природной территории республиканского значения;

      2) местного исполнительного органа столицы, областей, городов республиканского значения по предложению ведомства уполномоченного органа в области особо охраняемых природных территорий – по особо охраняемой природной территории местного значения.

      Для принятия решений о переводе земель запаса обратно в земли особо охраняемых природных территорий разработка проектов естественно-научных и технико-экономических обоснований не требуется.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Комиссию образует:

      уполномоченный орган по особо охраняемой природной территории республиканского значения;

      местный исполнительный орган столицы, области, города республиканского значения по особо охраняемой природной территории местного значения.".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 мая 2010 года № 399 "Об утверждении Правил упразднения государственных природных заказников республиканского и местного значения и государственных заповедных зон республиканского значения и уменьшения их территории":

      в заголовок вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункт 1 вносится изменение в текст на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в Правилах упразднения государственных природных заказников республиканского и местного значения и государственных заповедных зон республиканского значения и уменьшения их территории, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В случаях признания целесообразным рассмотрения вопроса об упразднении государственных природных заказников республиканского значения и государственных заповедных зон республиканского значения или уменьшении их территории государственный орган направляет материалы (карты, схемы, обоснования) в уполномоченный орган.

      В случаях признания целесообразным рассмотрения вопроса об упразднении государственных природных заказников местного значения или уменьшении их территории государственный орган направляет материалы (карты, схемы, обоснования) по территориальной принадлежности в местный исполнительный орган столицы, области, города республиканского значения (далее – местный исполнительный орган).".