"Киберқауіпсіздік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |