"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 7 қазандағы № 883 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 40-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "40-1) өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 96-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "96-1) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 106-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "106-3) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 115-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "115-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 126-1) және 126-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "126-1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келісу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      126-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      128) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "128) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде ілеспе газды инвесторларға беру тәртібі мен шарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 143-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "143-1) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансын қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 159-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "159-1) деректерді қашықтықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 160-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "160-1) газды дайындау және қайта өңдеу объектілерінен шығарылған кездегі газды бөлек есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 243-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "243-5) энергия өндіруші ұйымдардың есепті ақпаратын қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуы тұрғысынан қарау және қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісі анықталған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдарға жіберілетін қаражаттың көлемін азайту туралы шешім қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 276-1) және 276-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "276-1) электр қуаты нарығының тетігі шеңберінде электр желілерін салу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      276-2) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 279-1) және 279-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "279-1) жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобаларды іріктеу, тиісті шарттарды жасасу және гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді индекстеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      279-2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған үлгілік шарт негізінде гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға шарт жасасады;";

      мынадай мазмұндағы 303-1), 321-2), 321-3), 321-4), 321-5), 321-6), 321-7) және 321-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "303-1) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды әзірлейді және бекітеді;

      321-2) өңірлік электр желілік компаниялармен, жүйелік оператормен, сондай-ақ электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен электр желілерін салуға инвестициялық келісімдер жасасады;

      321-3) нарық кеңесінің электр желілерін салу жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау тәртібін айқындайды;

      321-4) электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасасу немесе оны жасасудан бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      321-5) электр желілері қуатының қолжетімділігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда электр қуаты нарығында төмендету коэффициенттерін қолдану тәртібін айқындайды;

      321-6) инвестордың электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа бастамашылық жасауға өтінім жіберу тәртібін және оны қарау тәртібін айқындайды;

      321-7) электр желілерін салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпазының электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органмен электр желілерін салуға арналған инвестициялық келісім жасасу тәртібін айқындайды;

      321-8) электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны береді, тоқтата тұрады, оның қолданысын қайта бастайды, кері қайтарып алады;";

      мынадай мазмұндағы 341-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "341-7) энергия беруші ұйымдарға қатысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеруді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады;";

      349) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "349) электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;";

      356) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "356) аукциондық сауда-саттықты және жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;";

      358) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "358) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты және жобалық аукциондық сауда-саттықты өткізу графигін әзірлейді және өзінің интернет-ресурсында жариялайды;";

      мынадай мазмұндағы 442-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "442-1) тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағаларын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      467-24), 467-25) және 467-26) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "467-24) отын-энергетика кешені саласындағы цифрлық инфрақұрылым операторын айқындайды;

      467-25) отын-энергетика кешені саласындағы киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;

      467-26) отын-энергетика кешені саласындағы киберқауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;".

      2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының қырық сегізінші және қырық тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 октября 2026 года № 883

      Примечание ИЗПИ!
      Порядок введения в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктом 40-1) следующего содержания:

      "40-1) разрабатывает и утверждает правила утверждения и отзыва паспорта производства, форму паспорта производства;";

      дополнить подпунктом 96-1) следующего содержания:

      "96-1) разрабатывает и утверждает правила утверждения годового графика проведения планово-предупредительных работ технологических установок производителей;";

      дополнить подпунктом 106-3) следующего содержания:

      "106-3) разрабатывает и утверждает правила определения предельного количества автогазозаправочных станций;";

      дополнить подпунктом 115-2) следующего содержания:

      "115-2) разрабатывает и утверждает правила эксплуатации газораспределительных систем;";

      дополнить подпунктами 126-1) и 126-2) следующего содержания:

      "126-1) разрабатывает и утверждает правила согласования задания на проектирование строительства, модернизации и (или) реконструкции объектов единой системы снабжения товарным газом, финансируемых за счет бюджетных средств;

      126-2) разрабатывает и утверждает правила осуществления технического мониторинга строительства, модернизации и (или) реконструкции объектов единой системы снабжения товарным газом, финансируемых за счет бюджетных средств;";

      подпункт 128) изложить в следующей редакции:

      "128) разрабатывает и утверждает порядок и условия передачи попутного газа инвесторам в рамках партнерства в сфере газа и газоснабжения;";

      дополнить подпунктом 143-1) следующего содержания:

      "143-1) разрабатывает и утверждает правила формирования прогнозного баланса производства, реализации и потребления товарного и сжиженного нефтяного газа;";

      дополнить подпунктом 159-1) следующего содержания:

      "159-1) разрабатывает и утверждает правила установки приборов учета товарного газа, обеспечивающих дистанционную передачу данных;";

      дополнить подпунктом 160-1) следующего содержания:

      "160-1) разрабатывает и утверждает правила организации раздельного учета газа при выходе из объектов подготовки и переработки газа;";

      дополнить подпунктом 243-5) следующего содержания:

      "243-5) разрабатывает и утверждает правила рассмотрения отчетной информации энергопроизводящих организаций на предмет целевого использования средств и принятия решения о снижении объемов средств, направляемых энергопроизводящим организациям, в случае нецелевого использования средств;";

      дополнить подпунктами 276-1) и 276-2) следующего содержания:

      "276-1) разрабатывает и утверждает правила строительства электрических сетей в рамках механизма рынка электрической мощности;

      276-2) разрабатывает и утверждает правила организации и проведения аукционных торгов на строительство электрических сетей;";

      дополнить подпунктами 279-1) и 279-2) следующего содержания:

      "279-1) разрабатывает и утверждает правила отбора проектов на строительство вновь вводимых в эксплуатацию гидроаккумулирующих электростанций, заключения соответствующих договоров и индексации индивидуальных тарифов на услугу по поддержанию готовности электрической мощности для гидроаккумулирующих электростанций;

      279-2) заключает договор на строительство гидроаккумулирующих электростанций на основании типового договора на строительство генерирующих установок, вновь вводимых в эксплуатацию;";

      дополнить подпунктами 303-1), 321-2), 321-3), 321-4), 321-5), 321-6) 321-7) и 321-8) следующего содержания:

      "303-1) разрабатывает и утверждает типовые договоры о покупке услуги по поддержанию доступности мощности электрических сетей;

      321-2) заключает инвестиционные соглашения на строительство электрических сетей с региональными электросетевыми компаниями, системным оператором, а также победителями аукционных торгов на строительство электрических сетей;

      321-3) определяет порядок рассмотрения советом рынка инвестиционных программ по строительству электрических сетей;

      321-4) принимает решения о заключении или отказе в заключении инвестиционного соглашения на строительство электрических сетей;

      321-5) определяет порядок использования понижающих коэффициентов на рынке электрической мощности в случае невыполнения обязательств по договорам о покупке услуги по поддержанию доступности мощности электрических сетей;

      321-6) определяет порядок направления инвестором заявки на инициирование аукционных торгов на строительство электрических сетей и порядок ее рассмотрения;

      321-7) определяет порядок заключения победителем аукционных торгов на строительство электрических сетей инвестиционного соглашения на строительство электрических сетей с уполномоченным органом в области электроэнергетики;

      321-8) выдает, приостанавливает, возобновляет действие, отзывает лицензию на осуществление деятельности по передаче электрической энергии;";

      дополнить подпунктом 341-7) следующего содержания:

      "341-7) осуществляет проверки на соответствие квалификационным или разрешительным требованиям по выданным разрешениям в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях" в отношении энергопередающих организаций в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан;";

      подпункт 349) изложить в следующей редакции:

      "349) разрабатывает и утверждает квалификационные требования, предъявляемые к деятельности по передаче электрической энергии;";

      подпункт 356) изложить в следующей редакции:

      "356) определяет организатора аукционных торгов и проектных аукционных торгов;";

      подпункт 358) изложить в следующей редакции:

      "358) разрабатывает и публикует на своем интернет-ресурсе график проведения аукционных торгов на строительство вновь вводимых в эксплуатацию генерирующих установок с маневренным режимом генерации и проектных аукционных торгов;";

      дополнить подпунктом 442-1) следующего содержания:

      "442-1) разрабатывает и утверждает правила определения цен розничной реализации товарного газа в объемах, превышающих утвержденные нормы потребления, путем применения коэффициентов;";

      подпункты 467-24), 467-25) и 467-26) изложить в следующей редакции:

      "467-24) определяет оператора цифровой инфраструктуры в сфере топливно-энергетического комплекса;

      467-25) устанавливает порядок обеспечения кибербезопасности в сфере топливно-энергетического комплекса;

      467-26) определяет отраслевой центр кибербезопасности в сфере топливно-энергетического комплекса;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования, за исключением абзацев сорок восьмого и сорок девятого пункта 1 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 октября 2027 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов