"Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 853 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 18 қыркүйектегі № 997 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ережеде:

      15-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 21-1) және 21-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "21-1) мемлекеттік заңды тұлғаларда басқарушылық функцияларды атқарумен байланысты лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      21-2) мемлекеттік қызметшілер еңбек тәртіптемесінің үлгілік қағидалары негізінде еңбек тәртіптемесінің қағидаларын бекіту;";

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) домен атауларының әкімшісін және тіркеу орнын айқындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домен атауларын тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын айқындау;";

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын верификациялау, тіркеу және қайта тіркеу қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 118-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "118-1) байланыс операторы шақыруға бастамашы болған абонент туралы ақпаратты ұялы байланыстың абоненттік құрылғысына беру қағидаларын бекіту;";

      135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "135) бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе қатер туындаған және жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде сондай-ақ террористік және экстремистік қылмыстардың алдын алу кезінде, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 138-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "138-1) әлеуметтік және мемлекеттік мәні бар мобильді қосымшалардың тізбесін бекіту;";

      140) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "140) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша спутниктік байланыс желілерін, оның ішінде пилоттық жоба шеңберінде пайдалану қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 140-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "140-1) байланыс операторларының телекоммуникациялардың цифрлық картасында көрсету үшін мемлекеттік радиожиілік қызметіне Қазақстан Республикасының елді мекендерінде байланыс құрылысжайлары мен желілерінің бар-жоғы туралы ақпаратты ұсыну қағидаларын бекіту;";

      142) тармақша алып тасталсын;

      188) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "188) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша "цифрлық үкіметтің" цифрлық объектілерінің киберқауіпсіздік оқиғаларына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      342-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "342-3) цифрлық объектілерді жасанды интеллект жүйелеріне жатқызу өлшемшарттарын бекіту;";

      351) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "351) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген мақсаттарда "цифрлық үкіметтің операторына субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылу тәуекеліне алып келетін дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы туралы ақпаратты жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 353-1), 353-2) және 353-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "353-1) цифрлық оқиғаларды журналға енгізу қағидаларын бекіту;

      353-2) цифрлық оқиғаларды журналға енгізудің бірыңғай платформасының жұмыс істеу қағидаларын бекіту;

      353-3) киберқауіпсіздік аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;";

      384) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "384) цифрлық объектілерді аса маңызды объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын, аса маңызды цифрлық объектілерді санаттарға бөлу әдістемесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 385-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "385-1) киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету орталығы қызметтерінің сатып алуға міндетті көлемінің (жиынтығының) тізбесін және олардың сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;";

      388) және 389) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "388) аса маңызды цифрлық объектілердің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды қоспағанда, цифрландыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      389) аса маңызды цифрлық объектілерге жататын объектілерді қоспағанда, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде орындау үшін нұсқамалар жіберу;";

      428) тармақша алып тасталсын;

      472) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "472) меншік иесінен және (немесе) оператордан, сондай-ақ үшінші тұлғадан анық емес немесе заңсыз жолмен алынған дербес деректерді нақтылауды, бұғаттауды, жоюды немесе алып тастауды талап ету;";

      мынадай мазмұндағы 475-1), 475-2), 475-3), 475-4) және 475-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "475-1) бүркемелеу және хештеу әдістерін қолдану қағидаларын бекіту;

      475-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша дербес деректерді аса маңызды цифрлық объектілерден цифрлық жеткізгіштерге көшіру (жүктеп алу) қағидаларын бекiту;

      475-3) дербес деректерді жинайтын және (немесе) өңдейтін тұлғалар тізілімін жүргізу;

      475-4) субъектінің немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімін жүргізу;

      475-5) дербес деректер қауіпсіздігін бұзушылықтар тізілімінде дербес деректерді өңдеуді субъектінің және оның заңды өкілінің келісімін алмай, үшінші тұлғалардың оларға санкцияланбаған қол жеткізу фактілері негізінде жүзеге асыру;";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Министрдің және аппарат басшысының мәртебесі, өкілеттіктері";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын аппарат басшысы басқарады.

      Министрліктің аппарат басшысының өкілеттіктері:

      1) мемлекеттік органға жүктелген мақсаттардың іске асырылуын ұйымдастыру;

      2) өз құзыреті шегінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;

      3) Министрліктің, оның ведомстволары мен олардың аумақтық бөлімшелерінің қызметін материалдық-техникалық, ұйымдық-құқықтық және қаржылық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      4) тиісті нормативтік құқықтық актілерде бекітілген орталық мемлекеттік органның штат санының лимиті шегінде мемлекеттік органның штат санын және штат кестесін Министрліктің бірінші басшысы келіскеннен кейін бекіту;

      5) Министрліктің даму жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      6) еңбек қатынастары мәселелері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жоғары тұрған лауазымды адамдардың (органдардың) немесе өзге де адамдардың құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілерді қоспағанда, Министрлік аппаратының мемлекеттік қызметшілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату;

      7) "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;

      8) Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшыларын лауазымға тағайындауды және лауазымынан босатуды келісу;

      9) Министрліктің тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;

      10) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      11) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге де адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешу;

      12) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың немесе өзге де адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, Министрліктің мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешу;

      13) мемлекеттік органның мемлекеттік сатып алу саласында жалпы басшылық етуді жүзеге асыру;

      14) Министрліктің бюджеттік сұранымын дайындауды қамтамасыз ету, бюджеттік сұранымды Министрліктің бірінші басшысына ұсыну, сондай-ақ бюджет процесінің өзге де рәсімдерін орындау;

      15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      16) Министрліктің мемлекеттік саяси қызметшілері қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылау;

      17) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      Министрліктің аппарат басшысы өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындау үшін жеке қолданылатын құқықтық актілерді қабылдауға құқылы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2025 года № 846 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 18 сентября 2025 года № 997 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 сентября 2026 года № 853

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2025 года № 846 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 18 сентября 2025 года № 997 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве искусственного интеллекта и цифрового развития Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 15:

      дополнить подпунктами 21-1) и 21-2) следующего содержания:

      "21-1) утверждение квалификационных требований к должностям, связанным с исполнением управленческих функций в государственных юридических лицах, по согласованию с уполномоченным органом по делам государственной службы на основе типовых квалификационных требований;

      21-2) утверждение правил трудового распорядка государственных служащих на основе типовых правил трудового распорядка государственных служащих;";

      подпункт 58) изложить в следующей редакции:

      "58) определение администратора и регистратуры доменных имен, утверждение правил регистрации, пользования и распределения доменных имен в пространстве казахстанского сегмента Интернета;";

      подпункт 118) изложить в следующей редакции:

      "118) утверждение правил верификации, регистрации и перерегистрации абонентских устройств сотовой связи;";

      дополнить подпунктом 118-1) следующего содержания:

      "118-1) утверждение правил передачи оператором связи на абонентское устройство сотовой связи информации об абоненте, инициировавшем вызов;";

      подпункт 135) изложить в следующей редакции:

      "135) утверждение правил использования сетей операторов связи в целях предоставления единой дежурно-диспетчерской службе "112" услуги по определению местоположения звонящего абонента и рассылке коротких текстовых сообщений на телефоны сотовой связи населения при угрозе или возникновении и снятии угрозы чрезвычайных ситуаций социального, природного и техногенного характера, введении чрезвычайного положения, а также профилактике террористических и экстремистских преступлений в интересах обороны, безопасности и правопорядка;";

      дополнить подпунктом 138-1) следующего содержания:

      "138-1) утверждение перечня мобильных приложений, имеющих социальное и государственное значение;";

      подпункт 140) изложить в следующей редакции:

      "140) утверждение правил использования спутниковых сетей связи, в том числе в рамках пилотного проекта, по согласованию с органами национальной безопасности;";

      дополнить подпунктом 140-1) следующего содержания:

      "140-1) утверждение правил представления информации государственной радиочастотной службе операторами связи о наличии сооружений и сетей связи в населенных пунктах Республики Казахстан для отображения на цифровой карте телекоммуникаций;";

      подпункт 142) исключить;

      подпункт 188) изложить в следующей редакции:

      "188) утверждение правил осуществления мониторинга событий кибербезопасности цифровых объектов "цифрового правительства" по согласованию с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан;";

      подпункт 342-3) изложить в следующей редакции:

      "342-3) утверждение критериев отнесения цифровых объектов к системам искусственного интеллекта;";

      подпункт 351) изложить в следующей редакции:

      "351) направление оператору "цифрового правительства" информации о нарушении безопасности персональных данных, влекущем риск нарушения прав и законных интересов субъектов, в целях, предусмотренных Законом Республики Казахстан "О персональных данных и их защите" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан;";

      дополнить подпунктами 353-1), 353-2) и 353-3) следующего содержания:

      "353-1) утверждение правил журналирования цифровых событий;

      353-2) утверждение правил функционирования единой платформы журналирования цифровых событий;

      353-3) утверждение правил проведения аудита кибербезопасности;";

      подпункт 384) изложить в следующей редакции:

      "384) разработка и утверждение правил и критериев отнесения цифровых объектов к критически важным, методики категорирования критически важных цифровых объектов;";

      дополнить подпунктом 385-1) следующего содержания:

      "385-1) разработка и утверждение перечня обязательных к приобретению объемов (наборов) услуг центра обеспечения кибербезопасности и их характеристик;";

      подпункты 388) и 389) изложить в следующей редакции:

      "388) осуществление государственного контроля в сфере цифровизации, за исключением государственного контроля в сфере цифровизации в части обеспечения кибербезопасности критически важных цифровых объектов;

      389) направление для исполнения предписаний при выявлении нарушений требований законодательства Республики Казахстан в сферах цифровизации в части обеспечения кибербезопасности, за исключением объектов, относящихся к критически важным цифровым объектам;";

      подпункт 428) исключить;

      подпункт 472) изложить в следующей редакции:

      "472) требование от собственника и (или) оператора, а также третьего лица уточнения, блокирования, уничтожения или удаления недостоверных или полученных незаконным путем персональных данных;";

      дополнить подпунктами 475-1), 475-2), 475-3), 475-4) и 475-5) следующего содержания:

      "475-1) утверждение правил применения методов маскирования и хеширования;

      475-2) утверждение правил копирования (выгрузки) персональных данных из критически важных цифровых объектов на цифровые носители по согласованию с Комитетом национальной безопасности Республики Казахстан;

      475-3) ведение реестра лиц, осуществляющих сбор и (или) обработку персональных данных;

      475-4) ведение реестра нарушений безопасности персональных данных без согласия субъекта или его законного представителя;

      475-5) осуществление обработки персональных данных в реестре нарушений безопасности персональных данных на основании фактов совершения несанкционированного доступа третьих лиц к ним без получения согласия субъекта и его законного представителя;";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Статус и полномочия Министра и руководителя аппарата";

      пункт 21 изложить в следующей редакции:

      "21. Аппарат Министерства возглавляет руководитель аппарата, назначаемый на должность и освобождаемый от должности в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

      Полномочия руководителя аппарата Министерства:

      1) организация реализации целей, возложенных на государственный орган;

      2) организация, координация и контроль за деятельностью структурных подразделений Министерства в пределах своей компетенции;

      3) организация материально-технического, организационно-правового и финансового обеспечения деятельности Министерства, его ведомств и их территориальных подразделений;

      4) после согласования с первым руководителем Министерства утверждение штатной численности и штатного расписания государственного органа в пределах лимита штатной численности государственного органа, утвержденного соответствующими нормативными правовыми актами;

      5) организация работы по реализации плана развития Министерства;

      6) назначение на должности и освобождение от должностей государственных служащих аппарата Министерства, за исключением государственных служащих, вопросы трудовых отношений которых в соответствии с законами Республики Казахстан отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц (органов) или иных лиц, в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;

      7) утверждение квалификационных требований к административным государственным должностям корпуса "Б" по согласованию с уполномоченным органом по делам государственной службы на основе типовых квалификационных требований к административным государственным должностям;

      8) согласование назначения и освобождения от должностей руководителей подведомственных организаций Министерства;

      9) осуществление общего руководства деятельностью дисциплинарной и конкурсной комиссий Министерства;

      10) осуществление контроля за соблюдением служебной дисциплины;

      11) решение вопросов дисциплинарной ответственности государственных служащих Министерства, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц или иных лиц;

      12) решение вопросов командирования, предоставления отпусков, оказания материальной помощи, подготовки, переподготовки и повышения квалификации, поощрения, выплаты надбавок государственным служащим Министерства, за исключением работников, вопросы трудовых отношений которых отнесены к компетенции вышестоящих должностных лиц или иных лиц;

      13) осуществление общего руководства в сфере государственных закупок государственного органа;

      14) обеспечение подготовки бюджетного запроса Министерства, представление бюджетного запроса первому руководителю Министерства, а также выполнение иных процедур бюджетного процесса;

      15) обеспечение исполнения требований законодательства Республики Казахстан о противодействии коррупции в пределах своей компетенции;

      16) контроль за ходом исполнения решений, принятых политическими государственными служащими Министерства;

      17) осуществление иных полномочий, возложенных на руководителя аппарата.

      Для выполнения возложенных на него должностных обязанностей руководитель аппарата Министерства вправе принимать правовые акты индивидуального применения.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов