Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 258-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 261-1-жолмен толықтырылсын:
"
261-1 | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдарға арналған сымды телекоммуникация байланыс | 61101 | республикалық меншік / коммуналдық меншік | "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы | 3 жыл |
";
реттік нөмірі 263-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 269-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
"32) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару (қылмыстық-атқару) жүйесі мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 5 жыл, "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі" коммерциялық емес акционерлік қоғамына – 2030 жылғы 24 қазанға дейін, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл";
реттік нөмірі 270-жолда мынадай редакцияда жазылсын:
"
";
реттік нөмірі 271-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:
"7) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 272-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының инженерлік орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2030 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 273-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 24) тармақшамен толықтырылсын:
"24) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2030 жылғы 15 тамызға дейін, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл;
реттік нөмірі 274-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
"16) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 275-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 276-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 277-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 278-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 28) тармақшамен толықтырылсын:
"28) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 279-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
"33) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Ұлттық тестілеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына – 2030 жылғы 11 тамызға дейін, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Электрондық қаржы орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 280-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Digital Silk Road Company" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2029 жылғы 27 шілдеге дейін, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 5 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 281-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын:
"20) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазимпэкс" республикалық орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, "КТ-Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне – 3 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына – 3 жыл";
реттік нөмірі 283-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 311-1-жолмен толықтырылсын:
"
311-1 | Құқық саласындағы өзге де қызмет | 69109 | республикалық меншік / коммуналдық меншік | "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы | 3 жыл |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 375-1-жолмен толықтырылсын:
"
375-1 | Статистика және әлеуметтану саласындағы қызмет | 84117 | республикалық меншік / коммуналдық меншік | "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы | Қазақстан Республикасы | 3 жыл |
";
реттік нөмірі 393-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 50) тармақшамен толықтырылсын:
"50) "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамы.";
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"үнемі, "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қатысты – 5 жыл, "Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы" акционерлік қоғамына − 3 жыл.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |